Нұрсұлтан, Сара, Иманғали, Қасымжомартқа халық көмек көрсетіп жатыр
- author «Ақ жол»
- 27 ақпан, 2017
- 491
Өрттің кесірінен өмір бойы жиған-тергенінен, құжаттарынан айрылған екен. Тіпті, несие алып, шағын үй салған. Алайда қаржының жоқтығынан қазір іші-сырты толық бітпеген. Сондықтан бұл отбасы суық үйде тұруға мәжбүр болып отыр.
Берік Рахманов пен Мира Қожаназароваға шенеуніктер тарапынан ешқандай қайыр болмаған. Баспасөзде жарияланған мақаладан кейін қазақстандықтардан бұл отбасы көмек ала бастаған. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.
Оларға Қазақстанның түкпір-түкпірінен қаржылай көмек, сондай-ақ құрылыс материалдары мен азық-түлік жіберіп жатқандар бар.
«Үш жыл қала әкімі Серік Айдарбековтің қабылдауында болғанмын. Ол маған көмек көрсетемін деп уәде берген. «Нұр Отан» партиясына бардым. Бірақ ешқандай қолдау болмады», – дейді Мира Қожаназарова.
Мира сөйлегенде көз жасын тыя алмайды. Адамдар қолдарынан келгенше көмектесіп тұрады екен. Зейнеткерлер зейнетақысынан, студенттер стипендиясынан қолғабыс етеді.
«Қаншама кең жүректі адамдар бар екенін көрдім. Олар соңғы үзім нанын беруге әзір. Бір бизнесмен жыл бойы азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ал биліктегі шенеуніктерге бұдан былай сенбейтін боламын. Мен тек қарапайым халыққа үміт артамын. Халқыма алғысымыз шексіз», - дейді Мира Қожаназарова.
Қазір бұл отбасында тұрақты табыс жоқ. Берік Рахманов жазда құрылыста жұмыс істеп аздап қаржы табады. Айына 100-150 мың теңге табыс кіреді. Ал құрылыс маусымы аяқталған соң, қайтадан ақшасыз қалады. Содан соң әртүрлі жұмыстар істейді. Құжат тек әкесінде ғана бар. Қалғандары әлі қайтадан арыз жазып, қалпына келтіріп үлгермеген. Ол үшін бұрын өздері тұрған Индер ауданына барып қайту керек екен. Бірақ оған да жолақы таба алмай отыр.
Балаларының үлкені Нұрсұлтан мен Сара егіз. Екеуі қазір 10 жаста. Иманғали сегізге толған. Дінмұхаммед – жеті жаста. Ең кішісі – Қасымжомарт – 2,5 жаста. Сара мен Нұрсұлтан музыкалық мектепте оқиды. Сара домбырада ойнайды. Ал Елбасының аттасы баянға әуес. Иманғали полиция болғысы келеді. Дінмұхаммед спортқа бейім.
- ақапарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




