Қазақстан хоккейшілері Азиада ойындарының чемпионы атанды

Қазақстан хоккейшілері Азиада ойындарының чемпионы атанды
ашық дереккөз
Қазақстан хоккейшілері Азиада ойындарының чемпионы атанды
Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы финалда Жапониямен сынға түсіп бас жүлдені жеңіп алды.

«Цукисаму Гимназиум» мұз айдынында өткен финалдық кездесу аса тартысты өтті. Шаршы алаң қожайындары қанша жерден алға ұмтылғанымен жерлестеріміздің қақпасынан бірде-бір саңылау табуға мүмкіндігі болған жоқ. Осылайша жерлестеріміз қарсыластарының қақпасына жауапсыз 7 шайба тоғытып, Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтын медальді салды.

Естеріңізде болса, осыдан алты жыл бүрын Алматы және Астана қалаларында өткен VII қысқы Азиада ойындарында Қазақстан хоккейшілері чемпион атанған болатын. Бүгін де бас жүлдені жеңіп алып, Азиада елдері арасында теңдессіз мықты екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен бірге кеше кеше хоккейші қыздарымыз Таиланд құрамасын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп қола жүлдені жеңіп алды.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Ұқсас жаңалықтар