Баршамызға бағыт сілтейтін бағдар
Мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырды. Бұл – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың нарықтық экономикаға негізделген тәуелсіз мемлекет құру жолындағы еңбегінің жемісі. Осының арқасында Қазақстан әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Ендігі меже – өркениет көшін алға сүйреген көшбасшы мемлекеттердің отыздығына ену. Оған Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жаңа Жолдауындағы нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру арқылы қол жеткізе аламыз. Себебі, Бас құжатта экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мен цифрлық технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияларды өркендетудің, дербес инвестициялық стратегия қалыптастыру мен орта және шағын бизнесті дамытудың нақты тетіктері көрсетілген. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау салаларын дамытуға да айрықша мән берілген.
Жиында колледж директоры Жанар Орынбаева Президентіміздің орта және жоғары білім беру жүйесі саласына да ерекше назар аударғанын, жаңа форматтағы мамандар дайындау ісі оқытушы құрамының кәсіби біліктілігі мен олардың қызметтерінің ұйымдастырылу деңгейіне байланысты болатынын айтты.
– Жолдауда экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы және мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауы тиіс екені нақты атап көрсетілді. Яғни, техник мамандарға деген сұраныс азаймайды. Мәселе, кәсіптік білімі барлардың ІТ технологияны еркін меңгеріп, қолдануында. Сондықтан, кәсіптік техникалық оқыту жүйесін дамытуда осыған мән беруіміз керек. Бұл кәсіптік мамандар даярлау ісін жетілдіруге зор ықпалын тигізеді. Өз мамандықтарын жетік меңгерген, кәсіби мамандар даярлап шығаруды жедел қолға алудың астарында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандардың тапшылығын жою міндеті тұр. Елбасымыздың биылдан бастап баршаға арналған тегін кәсіби білім беру жөнінде тапсырма беруінің мәні осы, – деді ол.
Найманкүл Қайыпбекова, Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушысы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




