Бірінші наурыздан бастап елімізде «Discovery Showcase» HD телеарнасы қазақ тілінде хабар таратуын бастайды. Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-тайм уақытында, яғни 18.00-ден түн ортасына дейін ұсынылады. Ал 2018 жылғы қаңтардан бастап барлық мазмұны толығымен қазақшаланады. Бірінші болып қазақ тіліне «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану», «Таңғаларлық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламалары және «Discovery Networks»-тың басқа да маңызды жобалары аударылады. «Қазақстан – Discovery Networks үшін адал және өте маңызды аудиториясы мен үлкен әлеуеті бар аймақ. Біз көрермендерге ең жарқын, танымал және қызықты бағдарламаларды біріктіретін жоғары айқындық форматындағы Discovery-дің жаңа телеарнасын ұсынғанымызға өте қуаныштымыз. Шабыттандыратын және тарихи эмоциялық TLC, қызықты жаңалықтар Discovery Channel, қызықты және құпия сюжеттер ID Xtra, керемет ғылыми зерттеулер Discovery Science, жануарлардың күлкілі және таңғажайып сәттері Animal Planet – Discovery Showcase HD арнасынан әркім өз талғамына сай бағдарламаны және ең бастысы ана тілінде таба алады», – дейді Discovery Networks компаниясының солтүстік-шығыс Еуропадағы вице-президенті, басқарушы директоры Анна Пак. Арна ОTAU TV жерсеріктік хабар тарату желісінде қолжетімді болады. Ал кейінірек басқа да операторлар желісінде хабар таратады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




