Денсаулық
Қостанайлық 70 жастағы қария 30 сағатта шаңғымен 80 шақырымдық саяхат жасады
- author «Ақ жол»
- 24 ақпан, 2017
- 550
Қостанайлық 70 жастағы қария 30 сағатта шаңғымен 80 шақырымдық саяхат жасады
70 жастағы қария арасы Қостанайдан 80 шақырым жердегі Федоровка ауылына дейін шаңғымен 2,5 күндік саяхат жасады.
Басында Мұхамедқали Асқаров бұл аралықты үш күнде өтемін деп ойлаған екен. Ол саяхатын 21 ақпанда сағат 9:30-да бастап, 23 ақпанда сағат 13:00 шамасында межелеген орнына жеткен. Ол жерде қария Федоровка ауданының №4 мектеп оқушыларымен кездесті. Ал кейінірек сағат 19:00 шамасында көлікпен үйіне қайтқан.
"Бірінші күні жылы болды, бірақ, баяу жел және аздаған қар болды. Сол қалтамды жаппаған едім, қар толып қалыпты. Екінші және үшінші күндері суықтау болды. Соңғы күні көктайғақ жүрісті қиындатып жіберді. Дегенмен мақсатыма жеттім және бұған дән ризамын. Қосалқы шаңғының қажеті болмады. Осы сапардан кейін Әулиекөлге батыл аттана берсем болады", - деп өз әсерін бөлісті Мұхамедқали Асқаров.
Саяхат барысында қария екі рет түнеп шығу үшін аялдапты. Біріншісінде Озерный ауылындағы өз қарындасының үйіне, екіншісінде Успеновка ауылындағы мектеп директорының үйіне қонған. Сонымен бірге, ол Воронеж ауылында түстенуге де бір тоқтаған.
"Федоровкадағы жігіттер несіне осылай саяхаттайсың деп сұрайтын. Мен жастардың қызыға бастағанын, кейбірі тіпті құлшынып тұрғанын байқадым. Көпшілік менің телефон нөмірімді жазып алды. Менімен жазғы саяхатқа, одан кейін су саяхатына барғысы келеді. Өмірімде алғаш рет менен қолтаңба сұрап отыр, бұған дейін мұндай болмапты", - дейді қария.
Саяхаттан үйіне оралған Мұхамедқали ата өзі жоспарлағандай Қостанай облысы әкімінің бүгінгі халықпен кездесуіне қатысты.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




