Азиада-2017: Қазақстанның қоржынында тағы бір қола медаль
- author «Ақ жол»
- 24 ақпан, 2017
- 641
Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты.
Сегізінші қола медальды шаңғышы Марат Жапаров жеңіп алды. Ал бұл бәсекеде бірінші және екінші орындарды жарыс қожайындары - жапониялық Наоки Накамура мен Юкен Ивас жеңіп алды. Ал дәл осы сында Сергей Ткаченко алтыншы нәтижені көрсетсе, Константин Соколенко 10-шы сатыға тұрақтады. Сабыржан Мүмінов 12-ші орынға жайғасты. Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық шаңғышылар 4×7,5 шақырымдық эстафеталық сайыста жарыс қожайындарынан кейінгі екінші орынды жеңіп алса, фристайлшылар қоржынымызға 1 алтын 1 қола медаль салды. Сонымен қатар бүгін биатлоншылар Қазақстан құрамасына 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль сыйлады.
ақпарат көзі. kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




