Бiлiм министрлiгi мұғалiмдердi қағазбастылықтан құтқармақ
- author «Ақ жол»
- 24 ақпан, 2017
- 662
«Бiз бүгiнгi күнi қағазбастылықты, жазбаша есеп берудi алып тастай аламыз. Бiрақ, бiрқатар өзектi проблема бар. Бiрiншi кезекте - бұл мұғалiмдердiң тексерушi органдар алдындағы қорқынышы. Бiз мектеп ұстаздарымен және директорларымен сөйлестiк. Олардың барлығы «Бiз журналды жазбаша жүргiзе беремiз, өйткенi қорқамыз» - деді. Мен оларға «Ал егер қағаз журналға тыйым салсам, не болады?» деп сұрағанымда, олар «Онда бiз түнде жазып отырамыз. Себебi, бұл ақша, ертең бiздi оңдырмайды» деп жауап бердi», - дедi Сағадиев.
Сондықтан, министр мұғалiмдер қорықпас үшiн тексерушi қаржы органынан жазбаша есеп сұрау құқығын алып тастауды көздеп отыр. Осы мақсатта ведомство Қаржы министрлiгi мен Бас прокуратурамен бiрлесiп арнайы хат немесе бұйрық дайындамақ.
«Бiз қаржы министрiнен, ереже бұзылған жағдайда, осы iспен өзiнiң айналысуын өтiндiк. Себепсiз тексерiстерге Қаржы министрiнiң өзi жауап бередi. Бұл бiз үшiн аса маңызды», - дедi министр.
Айта кетейік, бұған дейін Білім министрлігі мұғалімдердің не себепті қағазбастылықтан айырылмай отырғанын түсіндірген болатын.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




