Қазақстан мен Куба азаматтар үшін визалық режимді жеңілдетуге ниетті
- author «Ақ жол»
- 8 маусым, 2014
- 235
«Сапар барысында қазақстандық дипломат Кубаның Сыртқы істер министрі Бруно Родригеспен кездесіп, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға бағытталған хатын тапсырды. Кездесу барысында Е.Ашықбаев сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың атынан Куба сыртқы саяси ведомствосы басшысын Астанаға ресми сапармен келуге шақырды. Кубалық тарап бұл шақыруды ризашылықпен қабылдады», - делінген ақпаратта.
Қазақстандық делегация Куба Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра басқарған кубалық делегациямен ведомствоаралық консультациялар өткізді. Екі жақты форматтағы, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерінің кең жиыны талқыланды. Тараптар саяси диалогтың күшеюі мен екі жақты құқықтық негіздің дәйекті түрде кеңеюін қанағат сезіммен атап өтті. Ағымдағы жылы білім және спорт саласында екі жақты келісімдердің бекітілуі осыған айғақ болып табылады.
Сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды. ҚР делегациясының кубалық жетекші биофармацевтикалық және химиялық өнімдерді шығаратын кәсіпорын «Лабиофам» және Тектік инженерия мен биотехнологиялар орталығына сапарлары нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық перспективалары белгіленді. Сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі жандандыру мақсатында өзара инвестицияларды қолдау және қорғау, сондай-ақ қосарланған салық салуды болдырмау бойынша екі жақты келісімдерді бекіту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Е. Ашықбаев және Р. Сиерра ҚР мен Куба арасындағы визалық тәртіпті одан әрі жеңілдетуді қолдайтындарын атап өтті. Бұл екі елдің іскерлік шеңберлері арасындағы байланыстардың кеңейтілуіне және туристік алмасудың артуына жол ашпақ.
Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Кубаның Сыртқы сауда және шетел инвестициялары министрінің орынбасары Илиана Нуньеспен кездесуінде екі жақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары арасында, сондай-ақ, энергетика саласы, соның ішінде жаңартылған энергия көздері мен жасыл технологияларды дамыту белгіленді. Тараптар екі ел өкілдерінің жыл сайын орын алатын Астана экономикалық форумы мен Гаваналық «FIHAV» сауда жәрмеңкесіне қатысудың маңыздылығын баса атап өтті.
Сапар барысында Е. Ашықбаев Куба Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің сыртқы істер департаменті басшысының орынбасары Оскар Мартинес пен Кубаның Халық билігі ұлттық ассамблеясы төрағасының орынбасары Ана Мария Мачадомен кездесті. Тараптар парламентаралық байланыстарды екі жақты форматта да, әрі халықаралық бірлестіктер шеңберінде де кеңейту, ҚР және Кубаның саяси партиялары арасында тікелей диалог орнату, сонымен қатар ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруды қолдайтындарын атап өтті.
ҚР СІМ басшысының орынбасары Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти ескерткішіне гүлшоғын қойып, кубалық БАҚ-қа эксклюзивті сұхбат берді.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді