«Көкек ана» рақымшылыққа ілікті
«Тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен» перзентіне мейірімі түспеген ана рақымсыз болғанымен, қоғам рақымсыз емес екен. Өткен жылы қаңтар айында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының бойындағы дәретханада жаңа туған нәрестесін тастап кеткен келіншек рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығарылды. Осы іске қатысты өткен баспасөз мәжілісінде облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ербол Дүйсенбаев осыны мәлімдеді.
– Облыстық сотта Тұрар Рысқұлов ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органының 2016 жылдың қаңтар айында баласын әжетханаға тастап кеткен ананы ата-аналық құқынан айыру талап-арызы қаралды. Сот шешімі бойынша шағым қанағаттандырылды. Жауапкер әжетханаға тастап кеткен қызы мен әжесінің қолындағы үлкен қызына қатысты аналық құқынан айырылды. Сонымен бірге, әйелден балаларды асырауға алимент өндірілді. Бұл шешіммен келіспегендер бір ай ішінде сотқа қайта шағымдана алады, – дейді судья.
Ербол Дүйсенбаевтың айтуынша, аталған азаматтық іс бойынша бірінші сот отырысы 20 қаңтарда өткізілетін болған екен. Алайда, сотталушы рақымшылыққа ілінген және қаңтар айының 30-на дейін бостандыққа шығарылуы керек деген шешімге байланысты бұл істі сотталушының қатысуымен қарау туралы ұйғарымға келген екен. Дегенмен, кешігіп келетіндіктен сот ол кісінің қатысуынсыз қарады.
Судья бұл аталған талап-арыз сот өндірісіне келіп түскен кезде жазасын өтеп жатқан Жылыой аудандық сотына азаматшаның талап-арызбен келісетіні, келіспейтіндігі жөнінде пікірін білу туралы сот тапсырмасы берілгенін айтады. Ол өз айыбын толықтай мойындағанмен, туған екі қызына қатысты ата-аналық құқығынан айырмауды сұраған. «Неке және отбасы» кодексінің талаптарына сәйкес біз зерделей келе, аталған тұлғаны екі қызына байланысты ата-аналық құқығынан айыру туралы шешім қабылдадық. Сонымен қатар, талап-арыз сот өндірісіне келіп түскен күннен бастап екі қызына алимент өндірілді. Үлкен қызы жауапкердің анасының тәрбиесінде болғандықтан «Қорғаншылық және қамқоршылық» кеңесіне қамқоршылығын реттеу мақсатында тапсырма берілді, ал екінші дәретханада қалған қыз осы уақытқа дейін «Үміт» бөбектер үйінде тәрбиеленгендіктен сонда қалдырдық. Ары қарай бұл екі қыз кімнің қамқоршылығына берілетінін тек «Қорғаншылық және қамқоршылық» кеңесі шешеді, – дейді Ербол Мизанұлы.
Фариза Айтбек, «Ақ жол».
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді