26-баптан жамандық іздеудің жөні жоқ
Облыстық кәсіпкерлер палатасы ғимаратының мәжіліс залында конституциялық реформалар бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ықшам топтың орта және шағын кәсіпкерлік құрылымдары өкілдерімен кездесуі өтті. Оны облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қ. Аралбекова ашып, мұндай іс-шаралардың бұған дейін аудан орталықтары мен елді мекендерде де өткенін, кезек қалаға келіп жеткенін жеткізді.
Ал үгіт-насихат тобының мүшелері Елбасының Үндеуі мен биылғы халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттер жөнінде кеңінен әңгіме өрбітіп, қатысушылар сауалдарына жауап берді.
Жазушы-драматург Елен Әлімжан егемендігіне жаңадан ғана қол жеткізген еліміздің қалыптасуы, дамуы үшін кезінде биліктің бір қолға шоғырлануы өте-мөте қажет болғанын, міне осы басқару әдісінің арқасында қол жеткізілген жетістіктердің игілігін енді ел көріп отырғанын атап өтті. Ал Мемлекет басшысының бірқатар өкілеттілігінің берілуімен байланысты құзыреті күшейтілген Парламент пен есеп беретін Үкіметтің болуы ел дамуының жаңа сапалы кезеңі басталғанын айғақтай түспек. «Осыған байланысты Конституцияға енгізілмек өзгерістер мен толықтырылулар халық арасында қызу талқылануда. Осы жағдайдың бәрі де елдің қамы. Саяси тұрақтылықтың болуы экономиканың көтерілуіне, кәсіпкерлік бастамалар мен тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуына мүмкіндік береді», – деді ол.
Бұдан кейін облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының қызметкері Қалдыгүл Жолдасова билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Елбасы Үндеуінің мәні мен маңызына нақты тоқталды. Бұл ретте Конституцияның 26-бабындағы өзгерістерге қатысты шетелдіктерге жерге меншік құқығын беру туралы мәселесі бойынша пікірталастар негізсіз, өйткені аталған баптың 1-тармағындағы нормалар әркімнің мүлік, сондай-ақ жер алу құқығын қарастырмайтынын, керісінше елімізге мол инвестициялардың келуіне жол ашатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Қоғамдық пікір көшбасшылары бұл тұрғыда әлі түпкілікті шешім қабылданбағанын, жалпыхалықтық талқылау жалғасатынын айтып, елдегі билік бөлінісінің құқықтық, демократиялық қоғамға бастайтындығын саяси тәжірибе дәлелдейтініне сенім білдірді.
Баймаханбет ахмет, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




