Саясат
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Украина Үкіметінің басшысымен өзара келісімге келді
- author «Ақ жол»
- 8 маусым, 2014
- 632
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Украина Үкіметінің басшысымен өзара келісімге келді
ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов пен мемлекеттік төңкерістен кейін Жоғарғы радамен Украина Премьер-министрі болып тағайындалған Арсений Яценюк Киевтегі кездесулері барысында жақын арада экономикалық ынтымақтастық жөнінде біріккен мемлекетаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу туралы өзара келісімге келді.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Киевке сенбі күні өткен Украина Президенті Петро Порошенконы ұлықтау рәсіміне қазақстандық делегацияны басқарып келген.
«Екі елдің мемлекет басшылары жақын арада экономикалық ынтымақтастық жөнінде біріккен мемлекетаралық қазақстандық-украиндық комиссияның кезекті отырысын өткізу туралы өзара келісімге келді. Бұл шарада бірқатар перспективалы екіжақты жобалар, атап айтқанда, ғарыш саласындағы жобалар болашағы қарастырылмақ», - делінген хабарламада. Кездесу барысында Яценюк Қазақстан мен Украинаның арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, Украина үшін Қазақстан нарығы маңызды. Сондай-ақ ол Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы себепті екіжақты сауда-саттықтың өзара тиімді жолдарын табу қажеттігін баса айтты.Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




