Алматыда АИ-92 маркалы бензиннің құны кей жанармай құю бекеттерінде литріне 145 теңге болып қымбаттады.
Мәселен, АИ-92 бензині «Лукойл» бекетінде литріне 145 теңгеден болып, бес теңгеге көтерілген. АИ-95 165 теңгеден сатылып жатыр дейді бекеттің операторы. «ҚазМұнайГазда» да жанармай құны көтерілген. Мұнда 17 ақпаннан бастап АИ-92 бензинінің бір литрі 139 теңгеден 141 теңгеге дейін барды. Ал АИ-95 – 154 теңге.
«Газпромнефть Қазақстан» да АИ-92 бензинін 141 теңгеден сатуда, ал АИ-95 – 152 теңге.
АИ-92 бензині Sinoоil компаниясында, бұрынғысынша литріне 140 теңге, ал АИ-95 – 152 теңге. Сонымен қатар Helios те АИ-92 бензинін 140 теңгеден сатып жатыр. Ал АИ-95 – 151 теңге.
Бағаны өзгертпегендер қатарында Royal Petrol да бар: АИ-92 – 140 теңге, алайда АИ-95 – 155 теңге.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді