Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев Анкара муниципалитеті тарапынан ұйымдастырылған Анкараның Батыкент ауданындағы көшеге әлемге әйгілі қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың есімінің берілуі және бюстінің ашылуы рәсіміне қатысты.
Қырғыз басшысы Ш.Айтматовтың Түркияда көп оқылған қаламгер екенін, көптеген қалаларда жазушының атының саябақтарға, көшелерге берілгенін айтып, алыстағы Анкарада да жаңғыруына қуанышты екенін жеткізді.
Сондай-ақ, ол Қырғызстан мен Түркияның арасындағы жақындықтың болашақта да жалғасатынын атап көрсетті.
Рәсімге қатысқан Түркия Премьер-министрінің орынбасары Эмруллах Ишлер де Шыңғыс Айтматовтың туындыларының басым бөлігінің түрік тіліне аударылғанын, олардың Түркияда көп оқылатын туындылар қатарында екенін айтты. Сонымен қатар Анкара муниципалитетінің төрағасы Мелих Гөкчек Айтматовтың әлем әдебиетіне құнды үлес қосқан маңызды қаламгер екенін атап көрсетті, деп хабарлайды Әдебиет порталы.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
№4 Модуль «Есептен шығару куәлігі»
- 10 наурыз, 2026
№3 Модуль «Дауыс беруге арналған бюллетень»
- 10 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




