10 жастағы оқушы ЭКСПО қонақтары үшін мобильді қосымша әзірледі
- author «Ақ жол»
- 17 ақпан, 2017
- 497
Астананың 10 жастағы оқушысы Аймен Нұржан «ЭКСПО» көрмесінің қонақтарына арнап мобильді қосымша әзірледі. «Гид-ЭКСПО» қосымшасының көмегімен көрме павильондарын оп-оңай табуға болады.
Елордамызда жазда өтетін халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне шеттен де, елден де қонақтар ағылатыны белгілі. Көрмеге келген адам ең бірінші әр елдің павильонын көріп, танысқысы келеді. Осы орайда қонақтарға ыңғайлы болу үшін астаналық оқушы «гид-ЭКСПО» мобильді қосымшасын әзірледі. Оның көмегімен сіз тек көрмеге қатысатын елдердің ұлттық павильондарының геолокациясын ғана емес, мейрамхана, такси , автобус, анықтама бюроларының да қайда орналасқанын біле аласыз.
Өнертабыс авторы Аймен Нұржан IT-технологияға бала кезінен қызығады екен. Мобильді қосымша дайындауға оған «Болашақ» бағдарламасының түлектері де көмектескен.
«Жаңа дүние жасап шығару бала кезден бергі арманым. Адамдарға көмегі тиетін дүние. Елімізде «ЭКСПО» секілді ауқымды шара өтетінін естігенде, қатысқым келіп кетті. Астанадағы бағдарламалау мектебінде біздің мұғалімдер маған мобильді қосымша әзірлеуге көмектесті. Жазда келетін қонақтарға пайдасы тиер деген үміттемін», - дейді Аймен.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




