Үндістан орбитаға бір уақытта 104 жер серігін ұшырды
Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымы (ISRO) 15 ақпан күні PSLV-C37 зымыранымен орбитаға бірден 104 жер серігін ұшырып, әлемдік рекорд жасады.
Зымыран Астана уақытымен кеше сағат таңғы 10 шамасында ұшырылды. 17 минуттан кейін зымырандағы жер серіктері орбитаға шығарыла бастады. Оған 17 минут уақыт кетті. Жер серіктерінің міндеті — ғаламшарымызды суретке түсіру.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди бұл жағдайды Үндістанның ғарыштық зерттеу ұйымының (ISRO) ерлігі деп бағалады. «Бұл мақтануға тұрарлық дүние. Үндістан өзінің ғалымдарын қолдайды», деп жазды ол өзінің Туиттердегі парақшасында.
Бір айта кетерлігі, жіберілген 104 жер серігінің 103-і нано жер серігі және олардың салмағы 1-10 килограмды қамтиды. Ал оның ішіндегі 88 жер серігі америкалық компанияға тиесілі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




