Өзге тілді құрметте, өз тіліңді біл
Әуесхан ЗӘУІРБЕКОВ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған Жолдауларының қай-қайсысын алып қарасаңыз да, стратегия-лық маңызға ие екенін, белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Елбасының ағымдағы жылғы Жолдауы да ерекше құндылықтарды еске салуымен салмақтана түскен. Елдің өркендеуі, дамуы үшін көптеген бағдарламаларды қарастырған. Президент осы жылдың басты құжатында еліміздің жаңғыртудың Үшінші кезеңіне көшетінін мәлімдеді. Жаһандық экономиканың қауіп-қатерлеріне жауап беру үшін жаңа экономикалық модельді ойлап табуымыз қажет екенін атап өтіп, осы модель жаңғыртудың Үшінші кезеңіне сай келуін, барлық салалар тең дәрежеде қамтылуы керектігін сөз етті. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік және орта бизнесті дамыту экономикалық өсімді қамтамасыз етуге өзінің септігін тигізуі керек. Әрине, экономиканың өсімі адами капиталының дамуынсыз болмайды. Жолдауда ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиістігіне баса мән берілуі де сондықтан. Білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыруды, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуды міндеттеді.
Одан бөлек, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту керектігін ескертті. Бұдан әрі үш тілді оқуға кезең кезеңімен өту керектігін нақтылап, қазақ тілінің басымдығы сақталатынын еске салды. Халел Досмұхамедұлы айтқандай, «Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш». Салиқалы ойдың, салмақты сөздің мәйегі ана тілінде. Басқа тілдің бәрін білуің мүмкін, бірақ өзіңді толғандырған өрнекті ойдың кестесі туған тіліңде ғана әдемі өрнектеледі, бейнелі баяндалады. Ана тілі – бұл біздің мемлекеттік тіліміз. Оның қолданыс аясын кеңейтіп, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналдыру – ортақ міндет.
Бүгінде шүкір, қазақ тілінің қоғамдағы рөлі жыл өткен сайын нықталып келеді. Бұл тәуелсіздігіміздің жеңісі, Елбасының сарабдал саясатының жемісі деп білемін. Қазақстандықтар өз Отаны мен өз Президентін мақтан тұтады. Елбасы Жолдауы көптің көкейіне қонды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын тыңғылықты орындап, қазақ тілінің мәртебесін іс жүзінде асқақтата беру – баршамызға жүктелген адами парыз. Парызға қарыз деп қарайық. Елбасы Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосайық.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді