Ұстаздар Ұлт бірлігін қолдайды
Ләззат Қызылғұлова,
№1 мектеп-гимназияның директоры.
Ұлт Көшбасшысы-ның әрбір бастамасы ұлт бірлігін, ел мүддесін, мемлекет болашағын көздейтіні даусыз. Үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басқан Қазақстан қоғам мен биліктің арақатынасын жаңаша реттеуге бел буып отыр. Президенттің мемлекеттік билік тармақтарын қайта бөлуге қатысты жариялаған Үндеуі – соның айғағы.
Елбасының Үндеуі мемлекетіміздің даму тарихында стратегиялық маңызға ие құжат болып қалары анық. Бұл – еліміздің болашақ пен ашық демократиялық даму жолына қарай жасаған батыл қадамы. Саяси реформа билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін болады. Мемлекет басшысы өз Үндеуінде елімізді дамытып, ғаламдық өркениет көшіне қосылу үшін басқару жүйесін өзгерту қажет екендігін баса айтты. Билік тармақтарын қайта бөлу екі негізгі бағыт бойынша іске асатынына тоқталды. Президент міндеттері және қабылданатын шешімдердің біразы қысқарып, осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлі арттырылады.
Президент атап өткендей, қазір мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртатын кез келді. Шынында да, бүгінде заман дидары өзгерген. Жаһандану үрдісінің әсері болар, көпшілік қоғамдық құндылықтарды бұрынғыдай емес, басқаша бағалап, саралайтын болған. Сондықтан, Елбасы мемлекеттік басқаруды реформалау қажет дейді. Бұл – бүгінде әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену стратегиясын батыл түрде қолға алған қазақстандық маңызды қадам.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер жобасы бүкілхалықтың талқылауына ұсынылды. Бұл – ашықтық қағидаттарының сақталғанының көрінісі. Ал саяси жаңару елдегі демократиялық үрдістердің жалғасын тауып отырғанын көрсетеді. Үкімет пен Парламент жұмысының кәсібилігін арттыру мемлекеттік басқаруды тиімді етеді.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




