Қазақстан мен Германияның құқықтық ынтымақтастықтығы артады - ҚР СІМ
- author «Ақ жол»
- 7 маусым, 2014
- 537
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы арнайы өкілі Ұлан Байжанов Германия Федеративтік Республикасы Федералдық Әділет министрлігінің шақыруы бойынша Германияға жұмыс сапарымен барды.
Берлин қаласына сапары барысында Ұ.Байжанов Әділет министрлігі Халықаралық қылмыстық құқық департаментінің басшысы Хайди Нойхауспен және Федералдық сыртқы істер министрлігінің «Еуропа Кеңесі» тобының жетекшісі Йенс Густпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Аталған кездесулердің күн тәртібінде құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің қылмыстық іс жүргізу саласындағы конвенциясына Қазақстанның қосылуы тұрғысындағы көпжақты өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
Жүздесу барысында өзара мүдделерді қамтитын бірқатар мәселелер бойынша байыпты пікір алмасылып, сонымен қатар құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейте түсудің болашағы талқыланды. Ағымдағы өзара іс-қимылдың сындарлы сипатта жүріп жатқандығын атап өткен тараптар өзара құқықтық көмек көрсетудің келісім-шарттық негізін кеңейте түсуге ықылас танытты.
Ал Германия тарапы Қазақстанның Еуропа Кеңесінің мақсатты конвенцияларына қосылу үшін жұмсап жатқан күш-жігерін қолдай отырып, алға қойылған мақсаттарға жетістікпен қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




