«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада алғаш рет «Turkvision» байқауы ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлімдеді.
«ЭКСПО» көрмесі аясында «Turkvision» байқауын өткіземіз. Бұл – замануи-эстра әндерінің конкурсы. Байқау – түркі тілдес халықты біріктіретін шара. Көрме аясында Астанада алғаш рет осы байқау өтеді. Қазіргі таңда шара ұйымдастырушылармен келісілді. Барлығы кесте бойынша өтеді. Оған құрметті қонақтар шақырылады», - деді департамент директоры.
Оның айтуынша, іс-шараға байқауды өткен жылы жеңген әнші қатысады.
«Қазір осы байқауға Түркия мен Орталық Азия елдерінде әншілер іріктеліп жатыр», - деді Алмаз Нұразхан.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




