Бауыржан Момышұлы ауылында киім-кешекті тегін тарататын дүкен ашылды
- author «Ақ жол»
- 15 ақпан, 2017
- 204
Райхан Айымова – алты баланың анасы. Балаларының үшеуі кәмелеттік жасқа толған, қалғаны мектеп жасында. Оған қайырымдылық дүкені туралы мектептен хабар берген. «Ести сала осында келдім», - дейді күміс алқалы ана.
Райхан Айымова, көпбалалы ана:
- Костюм. Өзім көріп жатырмын. Балаларға болса, алсам ба деп тұрмын. Бір көйлек алғанмын. Жақсы. Көмек береміз дегенге көрейінші деп келдім.
Базаркүл Орынбаева, ауыл тұрғыны:
- Адамның күні адаммен. Қолдан келгенімізше бір-бірімізге жәрдем берейік. Немереме жемпір алдым. Аяқ-киім алып жатырмын. Рақмет!
Дүкенде киім-кешектен бөлек азық-түлік те тегін беріледі. Мұнда әлеуметтік маңызды тауардың 10 шақты түрі таратылады. Мұқтаж жандар аптасына бір мәрте келіп, апталық азық алуына мүмкіндік бар. Сөредегі бірқатар зат кәсіпкерлерден және мешітке садақадан түскен қаражат есебінен алынады.
Еркебұлан Нарымов, Жуалы аудандық орталық мешіттің бас имамы:
- Ең алдымен, біз – қашанда жетімін жылатпаған, жесірін жерге қаратпаған қазақпыз. Қазақ әрқашан жағдайы төмен отбасыларды қолдап, көмек көрсетіп, жағдайын жасап келген. Бұл – қазақтың әдетінде де, салтында да бар нәрсе.
Ұйымдастырушылар аз қамтылған тұрғындардың тізімін жасаған. Аудан бойынша осындай 100-ге жуық отбасы тіркеліп отыр. Оның 25-інің жағдайы кедейшілік шегінен төмен деңгейде. Сондықтан белсенділер бұл істі мықтап қолға алмақ.
Жәнібек Мырзалиев, Жуалы аудандық жастар орталығының директоры:
- Қайырымдылық дүкеніне жергілікті Жуалы кәсіптік колледжін бітірген түлекті «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтып отырмыз. Ол осында киімдер мен азық-түліктерді таратып, қалған бір күнінде жинақтау, үтіктеу, ретке келтіру жұмыстарын жүргізеді. Алда тағы бір адам сұратамыз деп отырмыз.
Жасыратыны жоқ, дүкендегі заттардың барлығы бірдей жаңа емес. Біразы пайдаланылған, бірақ киюге жарамды. Бұл заттар сіздің үйде де болуы әбден мүмкін. Сондықтан босқа тастағанша...
Қиындығы мен қызығы, ауыры мен жеңілі алма-кезек алмасып жатқан мына өмірде қолдан келсе, қайырымдылық жасап, көпшіліктің алғысын алғанға не жетсін, шіркін!
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді