Қазақстан қоғамында жинақтық зейнетақы қорына қатысты сыни көзқарас қалыптасқан деп мойындады Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев.
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры жұмысындағы ақауларды жойып, зейнетақы активтерінің нарықтағы бәскелестігін қалпына келтіруге уәде берді.
“БЖЗҚ жаңа басқармасының мәлімдемесіне сәйкес, басқармада бірқатар өзгерістер болады. Бұл жоспарлардың іс жүзінде орындалуына біраз уақыт кетеді. БЖЗҚ жұмысындағы ағаттықтарды жойып, ішкі бақылау және ақшаны пайдалану жүйесін барынша нығайтамыз”, — деді Ақышев сәрсенбі күні “Казахстанская правда” басылымында жарияланған сұхбатында. Ұлттық банк басшысының пікірінше, қазіргі уақытта қоғамда жинақтық зейнетақы қорына деген сыни көзқарас қалыптасқан. “Инвестициялау моделі мен зейнетақы активтерін басқару инситутын таңдауда бәскелестік қағидасын қалпына келтіру керек”, — деп сенеді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




