«Дұрыс» деп көрсету үшін «ауызбастырық» алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері «Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Ұлытау және Жаңаарқа аудандары бойынша еңбек заңының орындалуын қадағалау бөлімі басшысының жемқорлық әрекеттері әшкереленді» деп мәлімдеді.
Бөлім басшысы А. Байсалбаев «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерінен кәсіпорында жүргізілген еңбек заңнамасының орындалуын тексеріп, қорытындысын дұрыс деп бергені үшін 640 мың теңге пара алған. Қазір А.Байсалбаев Қарағандыдағы уақытша ұстау абақтысына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




