«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің» басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаевтың алдын ала келісім жасау арқылы бірнеше рет аса ірі көлемде пара алған деген айыппен ұсталғаны белгілі. Енді міне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері экс-экономика министрі Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген қаржыдан 1 миллиард теңге қаражатты жымқырудың жолын ұйымдастырған деп мәлімдеп отыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қуандық Бішімбаев шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысына қарастырылған қаржыдан «Orda Glass» ЖШС және оның мердігер ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған. «Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д. Ибрашев, Ж. Исабек пен М.Қожабаев тартылған», – деп көрсетілген хабарламада. Бюро өкілдерінің айтуынша, жымқырылған қаржы еншілес «Құрылыс металлконструкциясы зауыты» компаниясы арқылы жұмысшыларды тамақтандыру және жатын орнына ақша төлеу үшін деп алынған. Бұл сомадан Бішімбаев туысы С.Нұрлыбек арқылы 2 миллион долларды қолма-қол иеленген. Қазір бұрынғы Ұлттық экономика министрінің сыбайластары Ж. Исабек, М.Қожабаев және С. Нұрлыбек сот санкциясымен қамауға алынған. Д.Ибрашев кінәсін мойындап, тергеуге болысқандықтан үйқамақта отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




