Сырдың қазағы «үт келді, құт келді» деп бөркін аспанға атса, қыр қазағы «үт келді, жұт келді» деп қорасын қымтаған. Айдың соңғы онкүндігінде атышулы – «Бөрі сырғақ»...
Ақпанның үшінен төртіне қараған түні қар жауып, ақпанның төрті күні таңертең тоқтады. Қардың қалыңдығы Алматыда 20-25 см, тауда – 35 см-ға жетті. Осының алдында да мұнда жағдай орын алған болатын. Синоптиктер қардың бұлайша мол түсуін жылдың рекордтық көрсеткіші деп отыр. Ақпанның 3-5-і күндері үркер ауды. Енді осыдан былай қарай аяз сынып, бірте-бірте күн жылына бастайды. Бұл – табиғаттың заңдылығы. Алда – «Бөрі сырғақ» (ақпанның 17-23-і арасында өтетін боран). Даланың көкжалдары осы боранда жұптасып, 62 күннен соң, қасқыр бөлтірігін туады. Ақын Биғайша Медеудің «Бөрісырғақ» жыры осы амалды көз алдыңа айна-қатесіз елестетеді: ...Әппақ ұлпа, мамық қайда? Сықырлатып қора, жайды. Аяқ асты болып пайда, Бөрісырғақ аралайды. Бөрісырғақ қағынады, Ақтүтек қып айдаланы. Жиналып түз тағылары, Ойнақ етті айдаланы. Боран ұлыр шартараптан, (Ұли берсін неғылайын). ...Тырнағынан қар боратқан, Қасқырлардың жерік айын. Бір-біріне тіс басады, Ойнап-күлсін оралында. Түз тағысы жұптасады, Бөрісырғақ боранында... Биылғы ақпан Алматыға «ақырып» келген жоқ. Жылы қабақ танытып (жоғарыдағы жауған қарларды есептемегенде), жадырап келді. Аспан денелерінің қимыл-әрекеттеріне қарағанда, Алматыда өткен аптадағы жылылық әлі сақталатын сыңайлы. Бірақ, күн аса ызғарлы болған жоқ. Оңтүстік өңірлерде көп байқалмағанмен, Арқада, байтақ еліміздің басқа да аймақтарында қарлы боран соғып, үскірік бөрідей ұлып тұр. Боранның салдарынан мектептерде уақытша сабақ тоқталып, кейбір бағыттарға жолаушылар тасымалы уақытша жабылған... Дегенмен, құбылмалы ақпан айына көп сене беруге де болмайды. Жемшөп таусылып, өріс ашылмай, дауыл басылмай әлекке салатын мезгіл бұл. Оның үстіне, әлі алда қыстың ең соңғы амалы – «Үт» бар. Үт бір жерде – құт, бір жерде – жұт...
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді