Оны іске қосу 2017 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Жұмысқа орналаспаған қазақстандықтарға enbek.kz порталы арқылы жұмыс табуға көмектеседі.
Аталған порталда жұмыс берушілер бос орындар мен болашақ жұмыс орындары туралы мәлімет қалдыра алады. Оған қоса, жұмыспен қамту орталықтарына бару қажеттігі туындамайды. Сайтта әлдеқайда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жасалған. Негізінен жұмысшы мамандар – тас қалаушылар, дәнекерлеушілер, арнайы техника жүргізушілері, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлер қажет.
«Аталған портал арқылы еңбекпен қамту қызметтері тегін көрсетіледі. Бүгінде бұл сайт миллионнан астам рет қаралған. Біз осындай деңгейдегі сайттардың арасында 1-орындамыз, сондықтан, мархаббат», – деді Д.Арғандықов.
Сондай-ақ, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Жол картасы-2020 бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындысын шығарды. 5 жыл ішінде шамамен 800 мың жұмыссыз адам еңбекпен қамтылған. Нәтижесінде еңбек нарығындағы жағдай тұрақтанды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды. Сонымен қатар, бүгінде еңбек нарығында 21% деңгейінде өнімсіз жұмыспен қамтудың жоғарғы үлесі түріндегі проблемалар бар.
Д.Арғандықов Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру туралы толығырақ айтып берді. Бағдарлама аясында 20 мыңнан астам қазақстандық қысқа мерзімді оқыту курстарымен қамтылады. Бағдарлама бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамыту, дегенмен алдыңғы бағдарламадан айырмашылығы – мұнда шаралар кеңейтіледі және ауылда шағын несие беруден өзге, шағын несие қалалық жерлерде де берілетін болады. Сонымен қатар, шағын несие көлемі 16 миллионға дейін ұлғайтылған. Бастапқыда оның мөлшері 3-5 млн аралығында болатын. Несиелендіру мерзімі де артқан. Мәселен, мал шаруашылығы үшін – жеті жылға дейін. Бұдан өзге, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту шаралары ұсынылатын болады. Бағдарламаның тағы бір бағыты – жұмысқа орналасуда көмек көрсету және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына қолдау көрсету.
ақпарат көзі. Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




