«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстанға 5 медаль әперген бойжеткен (фото)

Қазақстанға 5 медаль әперген бойжеткен (фото)
ашық дереккөз
Қазақстанға 5 медаль әперген бойжеткен (фото)

Анна Шевченко Универсиада-2017 ойындарының бесінші медаліне қол жеткізді. Ол 15 километрге дейінгі қашықтықты бағындырудағы шаңғы жарысынан қола медальді еншіледі.

Бұған дейін 23 жастағы Анна 1 алтын, екі күміс және бір қола медальға қол жеткізген болатын.

Ендеше Универсиада-2017 ойындарында Қазақстан құрамасына 5 бірдей медаль алып берген Анна Шевченко кім?

23 жастағы Анна Шевченко Павлодар қаласының тумасы. Ол – ата-анасының тұңғышы.

Шевченко_6-080217

Today.kz басылымына берген сұхбатында Анна өзінен кейін кішкентай інісі мен сіңлісінің бар екенін айтқан болатын.

«Маған жанкүйерлік етіп жатқандар көп. Олар өзімнің ата-анам, достарым, таныстарым, сондай-ақ, кішкентай інім мен сіңлім. Маған хабарласқан сайын олар жарнамадағыдай: «Медаль қалаймын! Медаль қалаймын!» – деп айтады. Олардың «тапсырмасын» орындадым», – дейді Анна.

Аннадан медаль «талап еткен» сіңлісі 4, ал інісі небәрі 2 жаста екен.

Шевченко_8-080217

«Оларға келгенде мейірімдімін. Үйде жиі болмаймын, олармен аз уақыт бірге өткіземін», – дейді спортшы.

Бұған дейін Анна Испанияда өткен Универсиада ойындарына қатысып, небәрі 19-орын алған. Анна бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсеткенін тілге тиек етті.

Анна Шевченко_3-08217

Өз сөзінде Шевченко 5 және 10 километр қашықтықты еңсергенді ұнататынын айтып қалды. Спортшы қыздың әуестігі де ерекше. Әсем ән тыңдағаннан бөлек, Анна кесте тіккенді ұнатады.

«Кесте тігу арқылы жаным тыныштық табады. Сондықтан кеше жарыс алдында кеш бойы айқаршық кестесін тігумен болдым», – дейді Анна.

Шевченко_4-080217

Спортшы қыз Универсиаданың ашылуына дейін періштенің суретін кестелегенін айтып берді.

Sports.kz басылымына берген сұхбатында Анна (ол кезде төрт медальді еншілеген) ең алғашқы медальға қол жеткізу бәрінен де қиынға соққанын әңгімеледі.

Шевченко_5-080217

«Қысқы Универсиаданың ең алғашқы күнінде жеңіп алған қола медаль бәрінен де қиынға соқты. Күміске небәрі 2 секунд жетпедім. Сол күні күшімді де дұрыс жұмсамадым. Жарысты жылдам бастағаныммен, финишке жақындаған сәтте саябырлап қалдым, дағдылы шапшаңдығымды сақтай алмадым. Жарысқа шықпас бұрын бұдан да көп нәтиже көрсетемін деп ойладым. Бірақ ашығын айтсам, трассада өзім сол сәтте дайын болған нәтижені көрсеттім», – дейді Анна.

Шевченко_7-080217

Үнемі жарыстардан қолы босамайтын Анна тағам әзірлемейтін көрінеді. Алайда ол палау тағамын дәмді етіп дайындайтынын айтып қалды.

Айтпақшы, Универсиада аяқталғаннан кейін Анна Финляндияның Лахти қаласында 23 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатына дайындалатынын мәлімдеді.

«Бірақ негізгі күшімді Универсиада ойындарына дайындыққа жұмсаған едім», – деп атап өтті Анна.

Шевченко-11-080217

 ақпарат көзі: stan.kz

Ұқсас жаңалықтар