Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы парламентаралық кооперациясының маңыздылығын атап өтіп, екі елдің экономика және саясат саласындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытуға Қазақстанның әзір екенін жеткізді. – Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Чех Республикасымен арамызда әуел бастан-ақ достық қарым-қатынас орнады. Чех Республикасының Президенті М.Земан бізде қонақ болды. Енді оның «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына келуін күтеміз, – деді Қазақстан Президенті. Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы 25 жыл ішінде қуатты да тұрақты мемлекет құрған Қазақстан халқы тарихының бірегей сипатына тоқталып өтті. Соңында Я.Гамачек Нұрсұлтан Назарбаевты тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, жас мемлекетіміздің одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




