«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Универсиада ойындарында төрт медаль алған қазақ спортшысы

Универсиада ойындарында төрт медаль алған қазақ спортшысы
ашық дереккөз
Универсиада ойындарында төрт медаль алған қазақ спортшысы

Бүгін қазақстандық шаңғышылар Универсиада ойындарында аралас эстафетадан күміс медаль жеңіп алды. Олардың арасында павлодардық Анна Шевченко да бар.

Анна осы Универсиада ойындарында медальдың барлық түрін алып үлгерді. Оның еншісінде алтын, күміс, қола бәрі бар. Универсиада ойындарында Қазақстан қоржына алғашқы жүлдені салған спортшы да осы Анна болатын. Ол алдымен әйелдер арасында шаңғымен классикалық стильде 5 шақырымға жүгіруден қола жүлде олжалады. Бұл сайыста алтын медаль ресейлік Лилия Васильеваға бұйырған. Күміс жүлдені Лилияның отандасы Анна Нечаевская жеңіп алған. Одан кейін 5 шақырымға із қуып жүгіруден де қола жүлдеге қол жеткізді. Сол кезде Шевченко бірінші орынға екі секунд жетпей қалғанын айтқан болатын.

«Жарыс ойдағыдай өтті. Екінші орын аламын деп үміттендім. Өкінішке қарай, күміс медаль еншілеуге екі секунд жетпей қалды. Келесі қашықтықта барымды салатын боламын. Бүгін екінші кезең біріншіге қарағанда қиындау соқты. Сондықтан жылдамдық азайып кетті. Трассада жүгіру оңай болмады. Күн шықты. Оның бәрі жарыс кезінде спортшыға әсер етеді. Бастысы, шаңғымыз жақсы жүріп отырды», деді Анна Шевченко жарыстан кейін.

Алтынды жұптық сайыста Олжас Климин екеуі бірге жеңіп алды. Қазақстандық спортшылардың көрсеткіші 18:23.48. Француздар екінші болды (18:28.67). Ресей спортшылары қоланы қанағат тұтты (18:29.50). Ал бүгін Ольга Мандрика және Ирина Быковамен бірге командалық сайыста екінші келді. Қазақстандық шаңғышылар белгіленген қашықтықты 43:17.2 минутта жүріп өтті. Бас жүлдеге ие болған Ресей құрамасы олардан небәрі 52.1 секундқа озып кетті.

«Бүгін жүлде аламыз деп жоспарладық. Қандай медаль болса да бәрібір еді. Бастысы тұғырдан көріну қажет болды. Командадағы әрбір спортшы жүлде үшін бәрін салды. Ресейлік қарсыластарымыз өте мықты. Біз қолымыздан келгенді аянып қалмадық. Бірақ алтынға аздаған сәттілік жетіспеді. Барлығы жүлде алғанымызға қуанышты деп ойлаймын. Жанкүйерлеріме алғыс білдіремін», дейді спортшы.

Анна әрбір старттың алдында музыка тыңдап, ойын тынықтырады екен.

«Түнде жақсы ұйықтадым. Бүгін жарыс ешқандай қобалжусыз өтті. Әрбір страттың алдында музыка тыңдаймын. Музыка өзге ойлардан миыңды тынықтырады. Қандай ән тыңдайтыным көңіл күйіме байланысты. Барлығын тыңдай беремін. Белгілі бір жанрдың фанаты емеспін. Дегенмен жаныма рэп пен лирика екеуі де жақын», дейді ол.

ақпарат көзі. Baq.kz 

   

Ұқсас жаңалықтар