Қазақ елі Орта Азиядағы ең маңызды әріптесіміз саналады – Чеxия Парламентінің төрағасы
- author «Ақ жол»
- 6 ақпан, 2017
- 448
Қазақстан Чехияның Орта Азиядағы ең маңызды әріптесі саналады. Бұл туралы Астана қаласында қос ел компанияларының қатысуымен өтіп жатқан бизнес-форум барысында Чеxия Парламенті депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачек айтты.
Форумда екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды арттыру және мемлекеттер арасындағы тауар айналымы механизмін дамытудың келешегі талқыланды.
«Кездесудің басты мақсаты – екі ел арасындағы бизнес серіктестікті әрі қарай дамытып, экономикалық байланысты арттыру. Өйткені Қазақ елі Орта Азиядағы ең маңызды әріптесіміз болып отыр. Аз уақыттың ішінде жақсы байланыс орнап, нәтижесінде Қазақ даласында 25 компаниямыз жемісті жұмыс істеуде. Соңғы бірнеше жылдың ішінде екі ел арасында әлемдік деңгейде 11 рет кездесу өткізіппіз. Барлық кездесуде де көптеген маңызды мәселе көтеріліп, экономикалық құжаттарға қол қойылды. Осы жолғы кездесу де маңызды болады деп сенемін», - дейді Чеxия Парламенті депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачек.
Бүгінде Чехия – отандық шикізатты тұтынатын негізгі мемлекеттердің бірі. Яғни еліміз Чехияға мұнай-газ және химия өнеркәсібі саласына қажетті өнімдер, сары фосфор, металл экспорттап келеді.
«Ал Чехия елі елімізге әр түрлі жабдықтар, тазарту құрылғылары мен электр техникалық құралдар, фармацевтикалық өнімдер, жиһаз, шыны, қыш секілді тауарлар тасымалдайды. Әсіресе, машина жасау саласында біршама келісімге қол жеткізіп отырғанымызды айту керек. Өйткені машина жасау – Чехияның тұтастай экономикасын ұстап тұрған аса үлкен сала. Бүгінде жалпы тауар айналымы 170 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Әрі жылдан-жылға бұл көрсеткіш артып келеді», - дейді Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басқарма бөрғасы Аян Еренов.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




