М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тұңғыш Президент мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі мен ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын университет ұжымы кеңінен талқылады. Жиынды алғы сөзімен ашқан университет ректоры Махметғали Сарыбеков Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселесін уақыт талап етіп отырған қадам деп бағалады. Ал Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың талқысына салуды демократияның жарқын көрінісі екендігін атап өтті. – Ендеше, университеттің барша профессор-оқытушыларын, қызметкерлерін Үндеуге бір кісідей үн қосуға шақырамын. Сол секілді, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы ұсыныстарыңызды да ұсынуға болады. Ол үшін ақпан айының 26-шы жұлдызына дейін университетте арнайы топ жұмыс жасайды. Жұмысшы топ профессор-оқытушылардың, қызметкерлердің ұсыныстарына құлақ асатын болады. Сонымен бірге, университеттің профессор-оқытушылары кіретін үгіт-насихат тобы халыққа жаңа өзгерістерді түсіндіруге кірісіп кетті, – деді университет ректоры. Басқосу соңында профессор-оқытушылар ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты өз ойларын ортаға салып, тиісті ұсыныстар беруге дайын екендіктерін жеткізді.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ медиа орталығы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




