«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Еңселі ертеңіміз үшін

Еңселі ертеңіміз  үшін
ашық дереккөз
Еңселі ертеңіміз үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық телеарна-лар арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Үндеуін мұқият тыңдадық. Қоғамдық-саяси басылымдарда жарияланып жатқан жан-жақты талдаулар мен пікірлермен жіті танысып отырмыз. Бұл Елбасымыздың баянды бастамасы деп білемін. Өйткені, расында да қазір елімізге жаңаша, икемдірек, уақыт талабына сай басқару жүйесі қажет. Осы орайда Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арттырып, олардың рөлін де көтеру құптарлық қадам болды. Осыған дейін ширек ғасырлық тәуелсіздік жылдарында еліміз еңселі ел атанып, көздеген мақсаттарына жете алды. Атап айтар болсақ, шекарамызды шегендеп, арайлы Астанамызды салып, дамудың даңғыл жолына бет бұрдық. Сарабдал саясатымыздың арқасында сан түрлі кедергілерді артқа тастап, экономикалық, әлеуметтік жағынан толайым табыстарға қол жеткіздік. Осының бәрінде көреген көшбасшымыздың ерен еңбегі, еліне деген адалдығы, қамқорлығы, махаббаты, жанашырлығы жатыр. Патшамыздың парасатты саясатының арқасында айдай әлемге танылып, дамыған елу елдің қатарынан көріндік. Осы себепті Мемлекет басшысы бұл жолы да ойлы қадам, байыпты байлам жасап отыр деп ойлаймын. «Үкімет халық алдында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жауапты болады. Алдағы уақытта Парламент өзінің кеңейтілген өкілеттілігімен халық қалауын жеткізуші ретінде Үкіметтің шешімдерін қадағалауы тиіс», – деп Президент айтқандай билік тармақтарында өкілеттіктерді қайта бөлушілік жауапкершілікпен бірге, саяси бәсекелестік те әкеледі. Бұл демократиялық және құқықтық мемлекетті әрі қарай дамытуда маңызды қадам болып табылады. Сондай-ақ, Конституциялық реформалар жобасын бүкілхалықтық талқылауға шығару елімізді демократия жолына бастап жүрген Елбасының аса жоғары саяси беделін айғақтайтынын ерекше айтқым келеді.

Шырын МАМАСЕРІКОВА, ақын.

Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар