Елбасының әр жылғы Жолдауы – айрықша маңызға ие тарихи құжат. Қай-қайсы болсын белгілі бір мерзім аралығында нақты міндеттер мен маңызды мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталуымен де құнды. Президенттің биылғы халыққа Жолдауының да өзіндік ерекшеліктері мол болып отыр. Онда, атап айтқанда, елімізді жаңғыртудың Үшінші кезеңіне көшетініміз мәлім етілді. Енді біз жаһандық экономиканың қауіп-қатерлеріне жауап беру үшін жаңа экономикалық модельді ойлап табуға тиіспіз және ол осы кезең талаптарына сайма-сай келіп, барлық саланы қамтуы керек. Жолдау осы мақсатты дөп басып отыр. Онда ендігі кезекте шикізаттық бағыттан индустриалды бағытқа бет бұратынымыз, ол үшін банктік, жекеменшіктік секторлардың экономикалық өсімді қамтамасыз етерліктей деңгейде дамытылуы тиістігі, өйткені, негізінен ең бірінші салмақ соларға түсетіндігі атап көрсетілген. Сонымен қатар, бұқаралық кәсіпкерлік, қоршаған орта бизнесін дамыту экономикалық өсімді қамтамасыз етуге өзінің септігін тигізуі керек.
Әрине, экономиканың өсімі адами капиталдың дамуынсыз болмайды. Сондықтан білім, денсаулық салаларында көптеген реформалар жүзеге асырылуы қажет. Оның бәрі де біртіндеп іске асады. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру сияқты стратегиялық маңызы зор үдерістер еліміздің дамуына зор септігін тигізеді деп ойлаймыз. Мұны бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде қарастыру жөн. Биылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайтын болады. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибеде әлдеқашан дәлелденген. Осымен байланысты Жолдауда медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылатыны, оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетілетіні, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеудің енгізу қажеттігі атап көрсетілген. Мұның барлығы да қарапайым халыққа ұсынылар медициналық қызметтердің, дәрі-дәрмек құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Бұл тапсырманы жүзеге асыру біздің тікелей міндетіміз. Жолдауда алға қойылған міндеттердің уақтылы, талапқа сай орындалуына, еліміздің экономикалық жағдайы жақсаруына еңбегімізбен, ізденісімізбен өзіндік үлесімізді қосуға әркезде де дайынбыз.
Такура АДЕНОВА, №8 қалалық емхананың бас дәрігері.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді