Назарбаев Денсаулық сақтау және Білім беру министрлігін тексеруді тапсырды
- author «Ақ жол»
- 3 ақпан, 2017
- 676
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрліктеріне қаржылық тексеру жүргізуді тапсырды.
«Үкіметке мемлекет қаражатына немқұрайлы, қылмыстық жолмен қарау фактілерін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырамын»,- деді президент.
Мемлекет басшысы алдымен 2 министрлікті тексеру қажеттігін баса айтты.
«Алдымен Денсаулық сақтау, Білім министрліктері де есептеймін. Жыл басында қаржы бөлінді және ол қалай игеріледі», – деді елбасы.
Елбасы заң бұзушылықтарға жол бергендерді шығынды толық қайтаруға мәжбүрлеп, жауапкершілікке тарту қажеттігін ескертті.
«Әрбір басшы жеке жауап береді. Бізге мемлекеттік басқару тапсырылды. Мемлекет қаражатын бір жақтан келген жаудың ақшасындай пайдаланбау қажет. Керісінше, қайта үнемдеу керек, оларды басқа бірдеңе жасау үшін салу қажет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




