Павлодарда жол ақысы мен нанға ақшаны аялдамадан алуға болады
- author «Ақ жол»
- 3 ақпан, 2017
- 497
Павлодар оқушылары жол ақысына ақшасы жетпегендер үшін аялдамаларға арнайы көмек қорабын ойлап тапты. Оның сыртына «Жетпесе ал, артық болса сал» деп жазған. Яғни кімге ақша керек болып қалса сол жерден алуына болады.
Жетінші сынып оқушылары мұндай қажеттілікті өз бастарынан өткерген. Аялдамада жол ақысына ақшасы жетпей қалған зейнеткерге көмектескен. Осы оқиғадан кейін сабақта отырып, аялдамаларға қорап іліп қою туралы ой туыпты.
Оқушылардың айтуынша ол жердегі ақшадан жол ақысы мен наннан тарыққандар ала алады. Сондай-ақ, қорапқа қалаған адам көңілінен шыққан ақша салып кете алады.
Қазірге тұрғындардың көбі аялдамадағы бұл қораптарға таңғалыспен қарап жүр екен.
«Түңгі уақыттарда бұл қораптарға жергілікті ішкіштер мен қаңғыбастар қол салып жүр ма деген күдігім бар. Алдағы уақытта оның алдын алатын амалдар ойлап табуымыз керек»,-дейді идея авторы 13 жасар Аружан Сарканова
Бірінші көмек қорабы осыдан бір апта бұрын ілінген. Зейнеткерлер пайдаланып та үлгеріпті. Дегенмен, бір күні түнгі уақытта қораптың қолды болып кеткені белгілі болды. Жақсылық жасаудан жалықпайтын оқушылар орнына басқа қорап іліп қойыпты. Енді қаладағы өзге де аялдамаларға осында көмек қораптарын орналастырып шығуды жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




