ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде жаңа комитет құрылады
- author «Ақ жол»
- 2 ақпан, 2017
- 715
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанында Туризм индустриясы комитеті құрылады. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали мәлім етті.
«2017 жылдың 1 ақпанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен туризм саласын дамытуға байланысты кеңес өтті. Министр Үкімет туризм бойынша өкілетті органның мәртебесін көтеру мен нығайту тұрғысында шешім қабылдағанын айтты. Жақын арада Мәдениет және спорт министрлігі жанында Туризм индустриясы комитеті құрылатын болады»,-деп жазды Иғали. Кеңес барысында 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту тұжырымдамасының жобасы таныстырылған. Кластерлік бағдарламаға елімізде алты кластер қамтылған: Астана қаласы («Еуразия жүрегі»), Алматы қаласы («Еркін мәдени аймақ»), Ақмола облысы («Табиғит пен көшпелі мәдениеттің тұтастығы»), Шығыс Қазақстан облысы («Алтай інжуі»), Оңтүстік Қазақстан облысы («Жібек жолының жандануы»), Маңғыстау облысы («Кендірлі» Каспий қақпасы). Жиын барысында А. Мұхамедиұлы отандық туристік қауымдастықтарды 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту тұжырымдамасының жаңаруына белсенді түрде қатысуға шақырды. «Қазіргі кезде аталған тұжырымдаманы жаңарту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ниет білдіргендер өздерінің ұсыныстарын s.kulsharipov@mid.gov.kz электронды поштасына бағыттай алады»,-деп жазды М. Иғали.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




