Денсаулық
Универсиада-2017: Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті
- author «Ақ жол»
- 2 ақпан, 2017
- 644
Универсиада-2017: Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті
Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль түсті.
Бесінші алтынды 79.94 ұпаймен фристайлшы Дмитрий Рейхерд алды. Ал, ресейлік Сергей Шимбуев күміс жүлдені 79.11 ұпаймен олжалады. Қола жүлде тағы бір қазақстандық Павел Колмаковтың еншісінде қалды.
Қазақстандық Юлия Галышева қазақстан құрамасына фристайлдан алғашқы алтын медалді әкелді.
“Могул” жарысында Галышева 73,80 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды ресейлік Анастасия Первушина 61,13 ұпаймен, үшінші орынды Австрия спортшысы Катарина Рамзер 52,05 ұпаймен иеленді.
Бұдан бұрын Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен байыған еді, биатлоншы Галина Вишневская 7,5 шақырымдық жарыста топ жарған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




