Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 сайыстарына қосымша билеттер сатылымға шықты.
Бұған көреремендер қызығушылығының артуы себеп болыпты. FISU жетекшілігі ұйым атына тіркелген орындардың көбін көреремендерге беретін болып шешті.
Мұның алдында хаттама бойынша трибуналардағы орындардың бір бөлігі FISU мен ресми делегациялар өкілдеріне, сондай-ақ спортшылар мен БАҚ өкілдеріне бөлінген болатын. Бұл сатылымға жатпайтын квоталар жалпы орындардың 30 пайызын құрайды. Қазіргі кезде FISU ұйымы осы квоталық орындардың 90 пайызын еркін сатылымға шығару туралы келісім берді.
Мәнерлеп сырғанау мен хоккей сияқты қызықты спорт түрлеріне билет сату бүгіннен басталады. Билеттерді онлайн және офлайн сатып алуға болады.
Билеттер алыпсатарлардың қолына түспес үшін бір адамға 5-8 билетке дейін ғана сатылады.
Бүгіннен бастап кез келген жарыс түріне билеттер туралы ақпарат Универсиада сайтының басты бетінде жарияланатын болады.
Қазіргі кезде Универсиадаға 184 мың билет сатылған (жалпы мөлшердің 80 пайызы) - бұл Қазақстанда өткен қандайда бір шараға сатылған билеттер бойынша рекорд көрсеткіш. Оның үстіне жарыс басталар алдында сұраныс тіптен артып кетеді. Мысалы, Универсиаданың ашылу салтанатынан кейін бірден 30 мың билет сатылған.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




