«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елбасы Үндеуі – ел мүддесі

Елбасы Үндеуі – ел мүддесі
ашық дереккөз
Елбасы Үндеуі – ел мүддесі

Қазақстан дамудың жаңа сатысына қадам басты. Елбасының мемлекеттік биліктің өкілеттіктерін қайта бөлуге қатысты жасаған Үндеуі – соны айғақтайды. Бұл – ел үшін маңызды шешім. Сол үшін тұрғындарға саяси бетбұрыстың мәнін терең түсіндіру қажет. Осы мақсатта құрылған ақпараттық-насихаттық мобильдік топтың жедел жұмысты бастап кетуі де, сондықтан. Бұл топтың құрамында қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және сала мамандары бар. Олар тұрғындармен кездесу өткізіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылауда. Сондай жиынның бірі «Запчасть» АҚ зауытында өтті. Зауыт қызметкерлері Елбасы бастамасын бірауыздан қолдап, бұл қадам еліміздегі демократиялық үдерістерді дамыта түсетініне сенім білдірді. Топ мүшесі «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев Үкімет пен Парламентке берілетін өкілеттіктер жауапкершілікті арттырып, басқару жүйесін оңтайландыратынын атап өтті. – Қазақстан ширек ғасырдың ішінде бүкіл әлемге қуатты, дамыған, ынтымағы жарасқан мемлекет ретінде танылды. Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі жөнінде Үндеуі – демократиялық қағидаларға қаншалықты мән берілетінінің көрінісі. Елбасы өзінің Үндеуінде Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктері Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берілетінін айтты. Яғни, бұл салаларға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер жауап беретін болады. Ал өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Елбасының Үндеуін талқылау үшін 1 ай уақыт берілді. Қоғамдағы саяси элита ақпанның 26-сына дейін өздерінің пікірлерін білдіруге құқылы, – деді Қасымхан Төлендиев. Жиында зауыт директоры Дмитрий Ан өз ойымен бөлісті. – Ұсынылып отырған реформа шеңберінде Парламенттің рөлі күшейіп, Үкіметтің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігі артпақ. Бұл өзгерістің зауыт қызметкерлері үшін де маңызы зор. Елдің, экономиканың дамуына кәсіпорын мамандары өз үлесін қосуға дайын, – деді ол.

Наурызбек САРША,

"Ақ жол".

Ұқсас жаңалықтар