«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Екі дүркін Универсиада чемпионы жайлы не білеміз?

Екі дүркін Универсиада чемпионы жайлы не білеміз?
ашық дереккөз
Екі дүркін Универсиада чемпионы жайлы не білеміз?
Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиаданың екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды биатлоншы Алина Райкова сыйлаған болатын.

Алина Ол биатлоннан 15 шақырымға еркін стильде сайысқа түсіп, 9:48.7 уақыт көрсеткішімен топ жарды.Бұл сайыста сынға түскен тағы бір отандасымыз Галина Вишневская қарсыласынан 2:21.1 уақыт қалып, екінші орынға тұрақтады.

Бұл Райкованың Универсиада ойындарында алып отырған екінші алтыны. Бұған дейін 2015 жылы Словакияда чемпион атанған еді. Ол кезде дәл осы қашықтықта ешкімге дес бермеген.

 src=

«Биылғы жылы көптеген жарыстарда жолым болмады. Оның өзіндік себептері жеткілікті. Ауырып та қалған болатынмын. Жарақат деген тағы бар. Сондықтан бүгін бірінші кезекте қарсыластарымды емес, өз-өзімді жеңу қажет еді. Психологиялық тұрғыда бұл өте маңызды. Сол жүкті жеңіп шықтым. Алматыдағы биатлон трассасында сынға түсу өте қиын. Оның үстіне қар да қалың болды. Жел соқты. Дегенмен мұның бәріне төтеп беріп, алтын жүлде жеңіп алдым», – дейді спортшы баспасөз мәжілісінде.

 src=

Осы ретте Алина Райкова туралы қысқаша мәлімет бере кетсек.

Биатлоншы қыз 1991 жылы Ақмола облысының, Шучинск қаласында дүниеге келген. Тәуелсіздіктің құрдасы. Анасы Людмила педагог. Ал әкесі Сергей Райков биатлон спортынан бапкер болып қызмет атқарады. Болашақ Универсиада чемпионы қаладағы №6 мектепте білім алған. Оның бұл спортқа әуес болуына әкесі ықпал еткен. Алина 13 жасынан полиатлон және биатлонмен айналысты. Алғашқы бапкері – Александр Морозов. Ал қазір әкесі жаттықтырады.Кейіннен спорт шебері атанған соң, толықтай биатлонмен ауысуға бел буады. Ұлттық құрамаға 2010 жылы алынды.

 src=

Әкесі қызының салауатты өмір салтын ұстауына жауап берсе, анасы педагог ретінде тәрбиесіне қарады. Алина бос уақытында қол өнерімен айналысады екен.

«Спорт – адамның мінезін қалыптастырады. Ол – өте еңбекқор жан.Тіпті, жарақат алып, кейіннен айыға бастағанда бірден жаттығуға кірісіп кетеді. Дәрігерлердің рұқсатына да қарамайды. Спорттық бабында жүру үшін көп жұмыс істейді. Ал жеңіс туралы ойлағанда «жарыс кезінде достық жоқ» екенін жақсы біледі. Қазір Армия орталық спорт клубында (ЦСКА) борышын өтеп жүр. Кіші сержант деген атағы бар», – дейді анасы Людмила.

 src=

25 жастағы спортшы осы уақытқа дейін көптеген жарыстарға қатысты. Оның ішінде ең басты дода – Олимпиада ойындары да бар. Бірақ Сочиде 65-ші орыннан әрі аса алмады.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Ұқсас жаңалықтар