«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Универсиаданың бүгінгі жарыс кестесі

Универсиаданың бүгінгі жарыс кестесі
ашық дереккөз
Универсиаданың бүгінгі жарыс кестесі

ХVIII қысқы Универсиада ойындарының үшінші күні барлығы 7 медаль сарапқа салынады.

Vesti.kz мәліметі бойынша Универсиада ойындарында ең көп билет сатылған спорт түрінің бірі – мәнерлеп сырғанау. Бүгін осы спорт түрінен қыздар арасындағы қысқа бағдарламалар бойынша сайыстар өтеді. Сондай-ақ, конькимен жүгіру спорты бойынша ұлттық құрама көшбасшысы Роман Креч жарыс жолына шығады.

Спорт түрі: Керлинг. Топтық кезең (Ерлер, әйелдер);

Құрамалар: Қазақстан — Норвегия (әйелдер), Қазақстан — Жапония (ерлер), Қазақстан — Ресей (әйелдер);

Басталуы: Алғашқы кездесу 09.00-де, екіншісі 14.00 және үшіншісі 19.00-де.

Өтетін орны: «Алматы Арена»

Спорт түрі: Тау шаңғысы. Комбинация (Супергигант, слалом). Ерлер, әйелдер;

Қатысушылар (Қазақстаннан): Мария Григорова, Екатерина Карпова, Мартин Хубер, Сергей Данов, Александр Костров, Алексей Сысоев, Захар Кучин

Басталуы: 10.00-де («Хабар»)

Өтетін орны: «Шымбұлақ»

Спорт түрі: Коньки жарысы. Әйелдер (3000 метр), ерлер (500 метр);

Қатысушылар: Дарсиль Эссамамбо, Артем Крикунов, Станислав Палкин, Роман Креч, Эльвира Халықова, Мария Сизова, Татьяна Климчук

Басталуы: 11.00-де әйелдер, ерлер 14.05-те (KazSport)

Өтетін орны: «Медеу»

Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ерлер;

Қатысушылар: Шыңғыс Ракпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Элдар Орусаев;

Басталуы: Трамплиннен секіру сағат 10 — 11.00 -де, шаңғымен жарыс 15.30-да.

Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Қысқа бағдарлама. Әйелдер;

Қатысушылар: Айза Мамбекова, Жансая Адыханова, Вероника Шевелева;

Басталуы: 14.30-да («Қазақстан»)

Өтетін орны: «Алматы Арена»

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең. («Хабар»)

Басталуы: 12.30 (Ресей — Латвия), 16.00 (Канада-Ұлыбритания), 19.30 (Чехия-Қытай).

Өтетін орны: «Халық Арена».

Спорт түрі: Шаңғымен трамплиннен секіру. Ерлер, әйелдер.

Басталуы: 16.00 (әйелдер), 18.30 (ерлер

Өтетін орны: «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені.

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Әйелдер. Топтық кезең.

Басталуы: 16.30 (Ұлыбритания — Қытай), 20.00 (Қазақстан-Канада).

Өтетін орны: Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы.

Спорт түрі: Сноуборд. Ерлер, әйелдер.

Басталуы: 12.30 (әйелдер), 13.00 (ерлер).

Өтетін орны: «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.

Айта кетейік, бүгінге дейін қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Ұқсас жаңалықтар