Мұқағали МАҚАТАЕВ. Дұшпандарым тоқтаусыз шабуылдауда (күнделік)
- author «Ақ жол»
- 30 қаңтар, 2017
- 917
Оқырмандардың есінде болса, өткен жылы көрнекті ақын Мұқағали Мақатаевтың «Күнделігін» жариялап, оның жалғасын назарларыңызға 2017 жылы ұсынатынымызды хабарлағанбыз. Міне, бүгін құрметті оқырмандарымыздың алдында сол уәдемізді орындаудың сәті түсіп тұр. Оқыңыздар, тұшыныңыздар, ойланыңыздар.
Әдебиетімізді арамшөптерден тазартатын күн туар ма екен?! Қайдам? Осы күнгі әдебиет нағыз талант тардың әдебиеті емес, пысықтардың, жерлестер мен достардың, жағымпаздар пен қорқақтардың шатпағы. Әдебиет тің көкжиегіне өйтіп-бүйтіп бір алаяқ іліне қалса, ол өзі сияқты бір Санчо-сыншысымақты сүйрелей келеді.
1 қазан 1974 жыл
Бойында бір тамшы таланты жоқ бола тұра, талантты әдебиетшілердің қатарында тұрғысы келгендер ақымақ емес, өз творчествосын бүгінгі күнмен және өзінің ура – патриотизмімен өлшейтін, сөйте тұрып, әдебиетте қалғысы келетіндер ақымақ. Үнемі іздеп жүретін және ылғи әдебиеттегі «бос орынды» тауып ала қоятындар ақымақ. Осы күні талантты адамдар әдебиетте аз роль атқарады. Қазіргі біздің әдебиетке құлдық ұра беретін құлдар қажет. Олар, әрине, «боразданы бүлдірмейді». Осы күнгі ережелер оларды толық қанағаттандырады. Рұқсатпен жазады, жұмыс істейді, тамақ ішеді және жүріп-тұрады. Олар тәртіпті. Өйтпегенде ше, талант буырқанса, ол өз жолымен қозғалғысы келеді және жолдан шығып кетіп, бірдемені бүлдіріп те алады, сондайда құлдар аяқ асты табыла кетеді. Ұятсыздар, олар таланттың «орнын басады» да. Орынға отырады да, таланттардың үстінен бұйыра бастайды. О, қандай өкінішті! Одан өткен өкініш болмайды...
6 қазан 1974 жыл
Әдебиетімізді арамшөптерден тазартатын күн туар ма екен?! Қайдам? Осы күнгі әдебиет нағыз таланттардың әдебиеті емес, пысықтардың, жерлестер мен достардың, жағымпаздар пен қорқақтардың шатпағы. Әдебиеттің көкжиегіне өйтіп-бүйтіп бір алаяқ іліне қалса, ол өзі сияқты бір Санчо-сыншысымақты сүйрелей келеді. Ол «сыншысымақ» белгілі бір уақытқа дейін өз шәркейін сол салада сүйретіп жүріп жатады. Жағдайы барда айпап-жайпап қалуға тырысады. Біреуге жағымпазданады, біреуді қорқытады (өзі де қорқады), содан соң жан-жағына қарайды: жоқ, бұдан әрі бүйте беруге болмайды екен; ол өзінің шатпақайшыл серіктерінің көмегімен ұялмай-қызармай үлкен әдебиетке аяқ салады, сөйтіп енді өзі шығармалар жаза бастайды. Сондықтан бізде ай сайын әдебиетімізде жаңа, бірақ өзі белгісіз, аты-жөнсіз бір «жұлдыз» пайда болып жатады. Ал біз құнарлы топырағымыз тағы бір арамшөпті өсіргенін елемейміз. Қашанға дейін осылай созыла бермек? Арамшөптерді түп тамырымен жұлып тастауға әлдекімнің батылы жете ме? Менің ойымша, ол бір ғана кісінің қолынан келетін іс емес. Сондықтан мен әдебиетіміздің тазалығы үшін қиналатындарды, азшылық таланттарды мынаған шақырам: Достар, таланттар! Бірігіңдер! Барлық шатпақайшыларға қарсы майдан ашайық! Олардың желеп-жебеушілерін түгелдей әшкерелейік! Ұқсаңдаршы, біздің әдебиетіміз тұншыға бастады!
24 қаңтар 1975 жыл
После всяких потрясений (и моральных, и материальных) оказался в больнице. Ожидал ли я этого, не знаю. Врачи говорят, что у меня острый хронический гепатит с переходном в цирроз печени. Насколько правда, где, как, что у меня болит. Прекрасно чую, что у меня болезнь не одна, чую, что душа вся в крови... Больница мне помогла. Там, в больничной палатке, ночью в буфете (столовая), работалось отлично. После долгой разлуки мы встречались (с поэзией) как влюбленные. Видать, соскучились друг без друга. В течение двух месяцев (с 8 декабря 1974 г. по 24 января 1975 г.) написано около 4 000 стихотворных строк. Работал по совести, не думая, возметься ли кто-нибудь опубликовать их. * * * Менің көзім енді ашыла бастағандай. Басқаларды, қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенін, кейде маған бүкіл адамзаттың баласы дос болып көрінеді, ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететін сәттер бар. Ол, сірә, менің адамдарға соншалық шектен тыс жаным ашып, есесіне олардан да өзіме сондай жанашырлық күткендіктен болар. Жұртқа түсінікті болғым келеді. Мен олардың маған жаны ашығанын, мені сыйлағанын қалаймын. Өйткені өзім оларды шексіз сыйлаймын. Мен жайында не ойлайтындарын жұрт мейлі айта берсін. Оларды тоқтату менің билігімдегі нәрсе емес. Алайда, олардың жасырын жаулықтары менің назарымнан тыс қала алмайды, бәрібір білем. Білем, сонан соң ерте ме, кеш пе, мәдениетке жата ма, жоқ па, әйтеуір бір қатты айтып тастаймын. Әйтпесе, мен ауырамын. Мұның бәрін неге айтып отырмын. Себебі мен адамдармен істес болам, оларды зерттеймін. Мені адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез-құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. Адамдарды түсінем, олардың да мені түсінгенін қалаймын. Менің бүкіл поэзиямның мәні – міне осы. Поэзия – мен үшін жанымның шырылы. Басқа ештеңе де емес...
26 қаңтар 1975 жылЯ отношусь к Блоку, как к полубогу. У Пушкина своя, особенная особенность, у Лермонтова, у Некрасова – своя. В русской поэзии, мне кажется, Блок стоит особняком. Не на кого похож. Он выше своей поэзии. Очень культурная, серьезная поэзия у него. Блок – разочорованная душа. А его «Двенадцать» – крик мятежной души, вроде «Реквиема» Моцарта. «Возмездие» его – это плач целой эпохи, целого поколения. Блок не напоминает орла. Он парит высоко-высоко, хочет и не хочет садиться на эту грешную землю. Если бы не закон тяготения, возможно, он остался бы на небе. Вся его жизнь напоминает «Коршуна» своего. У Блока не существует природы без человека и наоборот. Природа и человек для него – одно целое. Как можно понять природу без человека? Без него отношений к ней, без его настроения в тот или другой момент? Природа осознана, понята человеком. Значит, она должна быть воспета вместе с ним. Табиғат сол өз қалпында-ақ әдемі, оны әдемілеудің қажет жоқ. Суреткер оны сол қалпында беру керек. Мысалы, жер – жер, ай – ай, күн – күн, тағы-тағылар. Оларды немен салыстыруға болады? Оларға қай адамның қалай қарайтыны, қалай қабылдайтыны ол басқаша жағдай. Ал оларға теңеу табам деп іздеу қадірсіздік емес пе?! Блоктың «Черный вечер. Белый снег» өлеңі түсінікке жеңіл... Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен роль атқаруға тиіс. Қалғаны ақынның өзіне байланысты. Кімде рух болмаса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек, оған ол салада істейтін ештеңе жоқ. Өкінішке қарай егер олар өз ұяттары оянып, өздері солай шешпесе, біздің мына ғасырда оларды қуып тастау қиын. Өйткені біздің ғасыр қаталдығы болғанмен, бәрібір мейірбан... * * * Тәңірім-ай, бізде ақын мен жазушы қаншама? Бәрі де атақты болғысы келеді. Бәрінің де халыққа танымал болғылары бар. Алайда сол әрекеттеріне халықтың қалай қарайтына бұрылып бір көз салмайды-ау. Қайран әдебиетіміз қазір не боп кетті? Ол бәрін асыраушы: таланттыны да, талантсызды да, пенсионерлерді де, тағы-тағыларды. Екі-үш өлеңін алып жаңа жаза бастаған жас келеді, бірер жерге көрсетеді де, бұл істен ештеңе өнбейтінін, өтіп кетудің мүмкін еместігіне көзі жетеді. Сонан соң өз күшін проза жазып байқайды. Ол да алдында алынбас қамалдай тұрып алады. Ашынған, жаңа жаза бастаған жас сонан соң сынға жармасады. Поэзия мен прозадағы беделділердің біріне болмаса біріне жағымпазданудың оңай еместігін біліп, ал сын саласын ыңғайлы әрі тиімді санайды. Сонымен өз әрекетін бастап кеп жібереді. Кейде тіпті біреуді (әрине, онша қауіпті еместігі), яғни қызметі жоқты, қорқытып та тастайды, сөйтіп күндердің күнінде біздің әдебиетіміздің «білгіші» болып шыға келеді. Және әдебиетімізге пікір айта бастайды. Мен кейде дүмбілездердің әдебиетке қандай жолмен келгенін, кімнің бақшасында өскенін, кімнің қанаты астында қатайғанын, оның қамқоры кім екенін, бүкіл кезген жолын зерттегім келеді, әттең, уақытым жоқ... Бұлай бола беруі мүмкін де емес. Түптің түбінде бәрінің де ақыры болады, шыда, күт...
31 қаңтар 1975 жыл
Өзіме бір жаңа екі костюм алып кимей-ақ өліп кету (құдай оның бетін әрі қылсын) қандай аянышты. Жетіспеушілікте туып және үнемі жетіспеушілікте өмір сүру қандай өкінішті. Егер бала, бозбала кезімді есіме алсам сұмдық үрейленем, қатты жәбірленем. Бүкіл жастық шағым өзіме соқпай өтіп кеткен. Санамда титімдей бір қуаныштың ізін қалдырған, ең құрыса, бір күнімді есіме түсіре алмаймын. Мен бұл жарық дүниеге келгелі міне қырық төртінші жылға аяқ басып барады екен, бар өмірімнің қор, жиіркенішті болып көрінетіні соншалық, кейде бәрін өз ырқыммен-ақ қиып кете салғым келеді... Шындығын айтқанда, мен бұрын денсаулық дегеннің, ауру дегеннің не екенін білмеуші ем. Тағдырым мені одан тыс қалдырмапты. Бұрын білмесем, енді бар сырқаттың сырын түсінуге тура келді. Мен өлімнен қорқам ба? Қорқам. Қорқатын себебім: өмірдің қуанышын татып көргем жоқ, творчествоның қуанышына жолыққам жоқ. Бар өмірімді жоқшылықта, жоқшылықтан үнемі үрейленуде өткіздім. Қысқасы, туғанда да, өмір сүргенде де және өлгенде де біркелкі болу: ештеңе көрмеу, ештеңе өзгермеу – қашанда қорлық қой...
10 ақпан 1975 жыл
Егер 1976 жылы менің «Таңдамалым» шықса, онда менің ақыр аяғында рухани да, материалдық та жағдайларым ептеп те болса жеңілдеп қалар еді. «Таңдамалыңның» болуы жақсы-ақ қой. Оны мен «Тамаша айым – тамызым» («Август – месяц священный») деп атаймын. Егер баспамен шартқа отырсам, онда сол тамыз айында отыруым керек. Әдетте, олар келесі жылдың шартын сол айда жасайды. Бұл біріншіден, ал екіншіден, тамыз – жаздың ақырғы айы, үшіншіден, менің жортуылдарым да бітеді, қалай дегенмен мен енді жас емеспін ғой, міне 44-ке келдім. Әрине, бұл менің жастығымның соңы. Жаздан кейін күз келеді. Сондықтан да мен таңдамалымның атын «Тамаша айым – тамызым» деп қоймақпын.
12 ақпан 1976 жыл
Ескі ауру. Аурухана. Емделу. 11 қаңтардан 5 ақпанға дейін. Ауруым менің оңай болмаса керек. Егер дәрігерлер диагнозды дұрыс қойған болса, онда мені тек бір сиқырлы күш қана сақтап қалады. Бұл жолы шынында да ауру екенімді мен өзім де ұғындым. Қатты жүдедім. Көңіл-күйім нашар. Шаршадым, бүкіл өнебойым сырқат. Менің «Таңдамалым» өз келісіміммен «Өмірдастан» деген атпен кетті. Ауруыма байланысты версткасын да, соңғы оқырын да өзім қарай алмадым. Қалай болып шығарын білмеймін. Бір сөзбен айтқанда, байғұсты тағдырдың қолына біржола тапсырдым. Өз әріптестерімнің менің шығармама қалай қарайтындарын тым жақсы білемін. Кез-келген сылтау тауып, олар мені құпиялап, бір іліп қалуға дайын тұрады. Жартысын ауруханада, жартысын үйде, мына тұсынан ана тұсына дейін түгел жазылған төртінші дәптерді бітірдім. Сонымен, менің тағы бір жинағым даяр. Маған тездетіп, баспагер тауып беріңдерші, мен оны жаңа татымды дүниелермен қалай қамтамасыз етер екем. Мен өлеңді үзіп-жұлқып, орайы келгенде, кезі келген жерде жазуға әрекеттенбегем. Жоқ! Поэзия – жан бұлқынысы, бұлқыныс пайда болғанда қаламнан қол үзбей отыру керек. Кімнің қайтетінін қайдан білейін, мен өзім шабыттың бүкіл сөлін сығып алып, құр сүлдерін қалдырғанша орнымнан тұрмаймын. Аурудың аты ауру, бірақ жұмыс өте жақсы істелді. Кейде ол творчество мені бүкіл сырқаттан сауықтырып жібереді. Өлең – ең әуелі шығармашылық, қажырлы еңбек. Азапты, жүйкеге салмақ салатын жұмыс. Оңашалануды және тыныштықты сүйеді. Егер мен ондай толғақ үстінде жарым жолда тоқтап қалсам, кейін онда ой соңынан қуалау маған қиын. Алғашқы құмарлықтан ажырап қалам.
14 ақпан 1976 жыл
Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай деп едім: – Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухының ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп, абыржыта алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есінде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кейде қарапайым түсіне білетін көпшілік сенің образдарың мен прообраздарыңды артқы қатарға ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының бөлшегін іздейді. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Сонымен, достар, бүкіл менің жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным!
* * * Кто из современной молодежи ломает голову над чтением «Евгения Онегина» Пушкина, или «Чайльдом Гарольдом» Байрона? Едва ли найдется. Я сомневаюсь, хватит ли терпения у них прочесть до конца Лермонтовского «Демона». Нынешнее поколение живет сегодняшним днем. Для них жизнь – не театр, а мимолетная эстрада. Они в чудеса не верят, для них ни что не чуждо, у них вкусы быстро меняются. Им чужды, мне кажется, глубокая мысль, познание себя и других. А что, если назло им, написать роман в стиках про их жизнь, на их же лексиконе?
16 ақпан 1976 жылКөркем сынсыз көркем әдебиет өмір сүрмейді. Сын өз мойнына талай нәрсені алуы тиіс. Сын қазы да, адвокат та болуы керек, ал қажет болса қалған жағдайда ол өте қатал, мейірімсіз айыптаушы да бола білуі керек. Әйтпесе, әдебиет, жалпы өнер атаулы алғашқы қоғам құрылысын елестетеді. Әркім өз білгенінше, әйтеуір сезікпен, көркем еместігін және жақсы еместігін біле тұра әрекет жасайды. Ойпырым-ай, қоймайды-ау қоймайды. Соның бәріне сын кінәлі. Бізде дұрыс сын жоқ. Оның таза, әділ, білгір өкілдері жоқ. Тек жағымпаздар бар. Олар беделділерді мақтау үшін өзара жарысқа түседі. Олар сол арқылы әдебиеттің асырауында өздерінің қала беруін қамтамасыз етеді. Бұл урашыл-сыншылар көркем шығарманы шатпақтан ажырата алмайды. Олар үшін автор бірінші орында тұрады. Оның кім, қандай қызметте екеніне көңіл аударады. Ал ондай шатпақайлардың көлеңкесінде таланттар бірте-бірте сөне береді. Өмірге, өзі өмір сүріп отырған қоғамға белгілі бір көзқарасы жоқ адам ақын емес. Ондай адамның өзін ақын ғана емес, қоғамның ойлай білетін азаматымын деуге де хақысы жоқ. Қазіргі нағыз ақын алдымен ойшыл, яғни философ болуы қажет. Поэзияның жалаң сұлулығы жалаңаш сұлуға ұқсайды. Оған тек таңдана қарауға ғана болады. Ақынның міндеті суреттеп шығу, баяндап беру емес, қайта сол сұлулықтың құпиясын, оның ар жағындағы нақ сол жасырынды ашып беруде. Осы заманғы ақын, тәжірибелі құбылнамашыдай уақыт тамырын дәл басып, дәуірдің, қоғамның дертін өз дертіндей қабылдауға тиіс. Поэзияда философ болу деген сөз, өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу. Алайда салқынқанды, ақылгөй философ болу жарамайды, ақырына дейін «адам жанының инженері» болып қалу керек.
17 ақпан 1976 жыл
Қай ақын табиғатты жырламайды? Бірақ қайсысы қай жағынан келеді? Бұл – сұрақ. Мысалы, Пушкинді алайық. Онда табиғат пен адам және оның көңіл-күйі біртұтас. Пушкин поэзиясында адам мен табиғат бірге жырланады, бір-бірінен қалыспайды.
* * * Бүгінгі күнмен, бүгінгі өмірмен ғана тіршілік жасап жатқан адамдардың даңқы мен атағы арта берсін. Бір күнін жақсы өткізсе бітті. Олар үшін өмірдің мәні – өз ғұмырын қыжалатсыз молшылықта, уайым-қайғысыз өткізіп, артына жақсы, бай мұра қалдыру. Несі бар, олардыкі дұрыс. Өзімді құрбандыққа беріп, мен неменеге талпынам? Бәрін құрбандыққа қия отырып?! Шайтан алсын бәрін! Ақыр аяғы, жер бетіндегі жақсылықтың рахатын менің де көруім керек қой. Бірақ қайтіп?!
* * * Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне – кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса, тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз соныкі.
* * * Что должен иметь поэт, чтобы быть поэтом? Первое: Талант, Талант и образование, эрудицию. Диплом необязательно. Второе: совесть, чтоб стыдиться сам перед собою, прочтя свои слабые вещи. Третье: простоту. Пусть не гениальную, как у Пушкина и Абая, но простату человеческую, чтобы быть понятным другим. Не умничать, не рассуждать о воспеть! Четвертое: интуицию. Чего не видят другие, увидеть и познать. Пятое: труд, чтобы постоянно совершенствоваться. Шестое: дух.
Менің денсаулығым қираған үй сияқты. Әзірше түзелген сиқым байқалмайды. Әсіресе, таңға жуық қиын. Кеудемді тас басып жатқандай ауыр, оң жақ қабырғамның астынан әлдене сыздайды. Бауыр ма, өкпе ме білмеймін. Жүрек! Менің жалғыз тірегім – тек сол.
25 ақпан 1976 жыл
Фольклорымыздың бай екені даусыз. Оны кез-келген халықтың кез-келген фольклорымен қатар қоюға болады. Егер фольклорымызды әдебиетімізбен салыстырсақ, онда соңғысы көп кедей көрінеді. Ол оның әлі жасаңдығынан, буыны қатпағанынан. Жазғыштар көп болғанмен, жазылғаны (мәнді, толыққандысы) әлі аз. Біз жазылған нәрсенің санына қарап қарықпыз. Көркем әдебиет коллективті еңбек емес екенін ойлайтын уақыт жетпеді ме? Ол мейлінше даралықтан туады. Және белгілі уақыттың есебі де, фотографиясы да емес. Ол қоғамның, дәуірдің сынынан өтуге тиіс. ... Егер қадір-қасиеті миллиметрлік қана болса, шақырымға созылған тізімдер әдебиетті құрай алмайды.
28 ақпан 1976 жыл
Әттең, ауруым болмаса, биылғы жыл мен үшін жаман басталмады. «Өмірдастан» – таңдамалым 15 000 тиражбен шықты: аса жаман емес. Мазмұны, тақырыбы мені қанағаттандырады. Бұдан 10-12 жыл бұрын жазғандарымның жаңа дүниедей оқылғаны қуантады. Бәрі орнында...
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді