Облысымызда қаржы полициясы органдарының жиырма жылдық мерейтойы «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты түрде аталып өтті. Алғаш сөз алған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев: «Бүгінде қаржы полициясы қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қол сұғатын экономика және қаржы саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жүргізіп отырған белді органдардың біріне айналды. Бұл – тарихи шындық. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында «Аса маңызды міндет — сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» деп атап өтті. Осылайша сіздерге азамат пен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету сеніп тапсырылды. Яғни, мемлекет қаржысын көздің қарашығындай сақтауды саланың қызметкерлеріне жүктеді. Осындай ауыр да, абыройлы миссияны атқару сіздерден жоғары жауапкершілікті, моральдық тазалықты талап етеді. Елбасы әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу межесін қойып отырған бүгінгі шақта, құқықтық тәртіп пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді айрықша табыстады. Осы жылдар ішінде сіздердің күш-жігерлеріңіз бен көптеген қызметкерлеріңіздің арқасында мемлекетке келтірілген зиянды әрекеттердің беті ашылып, заңсыздық қоғамның алдында айқындалды. Нәтижесінде, мемлекет қазынасына миллиардтаған қаржы қайтарылып, ел игілігіне жұмсалды. Осы бағытта жемісті де, қажырлы еңбектеріңіз өз жалғасын таба беретініне сенімім мол», – деді. Сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін білдірген облыс басшысы оларға елеулі еңбектері үшін алғыс айтты. Сала үздіктеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.
Облыс бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы, қаржы полициясының полковнигі Мақсұт Нәлібаев бұл мереке республика көлемінде аталып өтіп жатқандығын айтып, қаржы полициясы органдарының тарихы мен бүгінгі міндеттеріне тоқталып өтті. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бұйрығымен бірқатар қызметкерлер мен ардагерлер мерекелік төсбелгілер, басқа да марапаттарға ие болды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов та құттықтауын білдіріп, Мақсұт Нәлібаев бастаған бірнеше қаржы полицейіне облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарын тапсырды. Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов пен облыстық қаржы полициясы ардагерлері ұйымының төрағасы Мейрамхан Сейдәзімов те тілектерін жеткізді. Салтанатты шара соңы елімізге белгілі өнер жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Суретті түсірген Ақәділ рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Жарылыс жасаймын деп жазаланды
- 15 қараша, 2025
Құқық жүйесін қазақшалаудың маңызы зор
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




