Қоқыс өңдеу технологиясын жасауға 24 млн теңге грант бөлінді
- author «Ақ жол»
- 27 қаңтар, 2017
- 596
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ы «ЭкоПромТехнолоджи» ЖШС-ға коксохимия өндірісінің техногендік қоқыстарын өңдеу жөнінде қондырғының өнеркәсіптік үлгісін жасауға 24 млн теңге грант ұсынды.
Ақпаратқа сүйенсек, технологияны металлургия және құрылыс өндірісінде де қолдануға болады, деп жазады «Интерфакс-Қазақстан.
«Қоқыс өңдеудің әзірленген технологиясы көпжылғы ғылыми зерттеудің нәтижесінде синтезделген. Жоба әлеуметтік сипатқа ие, өйткені жоғары білікті мамандардың жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Өңделетін өнім тұтастай экспортқа жөнелтіледі», – деп атап өтті «ЭкоПромТехнолоджи» директоры Залифа Гараева.
Залифа Гараеваның келтірген дерегі бойынша, технологиялық шешімді негізінен ERG, «АрселорМиталл Теміртау», «Шұбаркөл Көмір» компаниялары қолданбақшы.
«Өңделген қоқыстан пайда болған өнімді негізгі тұтынушы ағылшынның «BSSB» компаниясы. Ол алдын ала жасалған ынтымақтастық бойынша жылына 40 мың тонна өнім алуға дайын отыр», – дейді Гараева.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




