Түркияда немерелерінің күтіміне қараған әжелерге ақы төлейтін болды
- author «Ақ жол»
- 27 қаңтар, 2017
- 648
2015 жылы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған кем дегенде 3 баласы бар отбасыларға қосымша жеңілдік беріп, ақы төлейтін компанияны басқарған еді.
Содан бері жұмыс істейтін балалы әйелдер мемлекеттен айына 441 доллар көлемінде ақша алады. Талап бойынша олардың балаларына күтушілер қарауы тиіс. Бірақ, бала күтіміне туысы не әжелері жауапты болмауы тиіс болған.
Түркияда немерелерін әдетте әжелері қарайды. Осыны ескере отырып, 2016 жылдың қазан айында мемлекет әжелерге өтемақы төлеу керек екенін мәлімдеді.
Бұл жоба ақпан айында Бурсе мен Измирде қолға алынбақ. Бағарламаға алғашында 1000 отбасы қосылады. Кейін жұмыс нәтижесіне қарай 500 мың әжеге ақы төленетін болады.
1000-нан 1800 түрік лирасына тең зейнетақы алатын әжелер жоба бойынша осылайша қосымша табыс таба алады. Бағдарламаның көмегімен, жас аналар толық жұмыс күніне өтіп, отбасын асырайтын болады. Немерелерінің күтіміне қараған әжелерге айына 400 (€99 немесе $105) лир төленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




