Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» Латвияның Рига қаласында жергілікті «Динамо» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Жанкүйерлер тартысқа толы кездесуге куә болды. Алғашқы кезеңде бірқатар шабуылдар ұйымдастырылғанмен, бір ғана шайба соғылды. 13-минутта Роман Старченконың соққысы көздеген жерінен дәл табылды.
Матчтың екінші кезеңінде айдын иелері қорғаныста сақ қималдап, жүйелі ойнауға тырысты. Осының арқасында 28-минутта Микс Индрашис мергендігімен танылып, таразы басын теңестірген, алайда, 36-минутта Найджел Доус командасын кезекті рет есепте алға шығарды.
Кездесудің соңғы 20 минутында Эдуард Занковецтен жаңа нұсқаулар алған «Барыс» ойыншылары қарсыластарын қыспаққа алып, қауіпті сәттерді жиі ұйымдастырды. 46-минутта Найджел Доус жеткізген шайбаны Дастин Бойд қақпаға дәл бағыттап, өз командасының үшінші шайбасын салды. Ал матчтың аяқталуына бірер минут қалғанда «Динамо» сапынан Лаурис Дарзиньш соңғы нүктені қойды.
Осымен 53 матчта 81 ұпай жинаған астаналықтар «Шығыс» конференциясында бесінші орынға көтерілді. Келесі кездесуін 28 қаңтар күні Минскіде «Динамомен» өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




