«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы «Сала көшбасшысы» атанды

«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы «Сала көшбасшысы» атанды
ашық дереккөз
«Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы «Сала көшбасшысы» атанды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық бизнес-рейтинг бағдарламасының «Өрлеу қарқыны» номинациясында Қазақстан музейлері бойынша «Сала көшбасшысы» атағына, «Алтын» рейтингісіне ие болып, Халықаралық сертификатпен және арнайы «Алтын қыран» медалімен марапатталды.

Ұлттық бизнес-рейтингі — Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина мемлекеттер одағының негізіндегі рейтингілеудің жыл сайынғы жалпы мемлекеттік тәуелсіз бағдарламасы. Бұл бағдарламаның еңбек марапаттары әр сала кәсіпорындары мен мекемелерінің қызметіндегі жоғары көрсеткіштері мен Қазақстан мемлекетінің дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

2016 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайында бірқатар маңызды шаралар өткен болатын. «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» V халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция және 22-23 қыркүйек аралығында дәстүрлі «Ясауитану» халықаралық білім байқауы болып өтті. Атаулы бұл маңызды іс-шараларға Англия, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Тәжікстан т.б. шетелдерден және отандық ясауитанушы ғалымдар және республикамыздың түкпір-түкпірінен оқушылар қатысты.

ақпарат көзі: egemen.kz

Ұқсас жаңалықтар