«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бейбітшілік деген сөз ешкімді бейжай қалдырмайды

Бейбітшілік деген сөз ешкімді бейжай қалдырмайды
ашық дереккөз
Бейбітшілік деген сөз ешкімді бейжай қалдырмайды

IMG_8473Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында біздің еліміздің өзіндік даму жолына түсуі дүниежүзі халықтарының назарын аудартуда. Тәуелсіз еліміз әлемдік қоғамдастық тарапынан да бейбітшіл, тыныштық пен достықты, бірлікті, татулықты қалайтын мемлекет ретінде бағаланып отыр. Ал Сирия мәселесі Қазақстанмен қоса барлық елдерді де алаңдатуда. Өйткені, ай ортақ, күн ортақ, жұмыр жер де ортақ. Ресей мен Түркия мемлекеттері басшыларының өзара мәмілеге келіп, елордамыз – Астананы Сирия мәселесін реттеу жөніндегі халықаралық кездесу алаңы ретінде таңдап алуының да маңызы айрықша болып отыр. Әлемдегі әрбір шаңырақ үшін де лаңкестік, отбасының ойран болғаны қажет емес. Дүниежүзіндегі әрбір үйге керегі – татулық пен тыныштық. Сондықтан, Астанада өткен кездесуде келіссөздерге қатысатындарын растаған барлық тараптар өкілдері арасында еліміздің Президентінің бейбітшіл бастамасын қолдаушылар өте көп болды. Сирия мәселесін дер кезінде реттеуге арналған маңызды жиында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өкілдер радикалды діни топтың көзқарасымен күресу өзекті екеніне көз жеткізді. Бұл жиын әлемдегі мұсылман елдерінің арасында да Қазақстанның беделін айшықтай түсті. Жалпы, Сирияда 2011 жылдан бері басылмаған қарулы қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Бұл жиында сол ел аумағындағы бейбітшілікті жақтаушы тұрғындарына көмек қолын созу мәселесі де қаралды. Әсіресе, әлемдік қауымдастық көптен күткен келіссөздер нәтижесінде төрткіл дүниені алаңдатқан түйткіл реттеледі деген сенім білдірді. Осы ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана процесінің қатысушыларына үндеу жолдап, бітімгерлік бастама көтерді. Астана процесінің басты жетістігі – Сирия билігі мен оппозициясының бір үстел басында басқосуы дер едік. Саясаткерлердің айтуынша, ақпан айында Женевада өтетін басқосудың нәтижесі Астана процесіне де тікелей байланысты болмақ. Еліміз тарапынан туындаған ізгілікке толы бастамалар әлем елдерінің ризашылығын туындатып отырғаны анық. Бұл бізді де қуантады. Сириядағы жағдайды ешкімнің басына бермесін. Бұл мәселе мұсылман елдерінің барлығына сабақ болуға тиіс. Қазақстан өз кезегінде Шам еліндегі шиеленісті реттеу үшін өз үлесін қосуға да ниетті. Осындай тыныш, бейбіт, қазынаға, пейілге бай, адамдары жомарт, мейірімді, имандылықты ұстанған мемлекетіміз бар екені кеудемізді мақтаныш сезіміне бөлейді. Ел аман, жұрт тыныш болғай!

Керімқұл БЕГАЛИЕВ,  «Зылиха» шаруа қожалығының төрағасы.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар