Танымал актер, БҰҰ-ның климат өзгерiсi жөнiндегi елшiсi Леонардо Ди Каприо мен басқа да шетелдiк делегаттардың ЭКСПО-2017 көрмесiне сапарын Дүниежүзiлiк Жабайы табиғат қоры (WWF) қаржыландыратын болды. Бұл туралы «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ Басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi.
«Бiз өткен жылдан бастап «Жасыл көпiр» серiктестiк бағдарламасын дамыту аясында iрi келiсiмдi бекiтуге дайындалып жатырмыз. Бұл келiсiм елiмiзде кем дегенде 30-40 жыл әрекет етуi керек. Бағдарлама Iле-Балқаш аймағында экожүйенi, жолбарыстар популяциясын қалпына келтiруге бағытталған. Дүниежүзiлiк Жабайы табиғат қоры (WWF) бұл бастаманы бiрнеше жыл бұрын ұсынған болатын, қазiргi таңда қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бiз Жабайы табиғат қорымен бiрге үкiмет пен қордың iрi келiсiмiн әзiрлеп жатырмыз. Бұл келiсiм аталған жобаға бiрiншi кезеңде 10 млн еуро тартуды көздейдi. Келiсiмге 2017 жылдың 8-9 қыркүйегiнде, ЭКСПО көрмесiнiң соңына қарай қол қойылады», - дедi С.Рақымбекова.
Маманның айтуынша, Жабайы табиғат қорының атынан шетелдiк делегаттар келедi. Олардың қатарында Нидерланды климатын өзгерту қорының басшысы, Нидерланды ханшайымы Лаурентин, БҰҰ-ның климат өзгерiсi жөнiндегi елшiсi әрi WWF Жолбарыстар бағдарламасының елшiсi Леонардо Ди Каприо мен танымал ғарышкерлер болады.
«Бiздiң БҰҰ-ның климат өзгерiсi жөнiндегi алғашқы және жалғыз елшiсi Леонардо Ди Каприоны шақыру туралы екi жыл бұрынғы бастамамыздың жүзеге асу мүмкiндiгi жоғары. Себебi, Дүниежүзiлiк Жабайы табиғат қоры осындай танымал делегаттардың Қазақстанға келуiн өздерi қаржыландырады» - дедi С.Рақымбекова.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді