Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Арнасай ауылында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері ашылады. Бұл туралы «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ Басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова ОКҚ брифингi барысында айтты.
«ЭКСПО-2017 қонақтары мен туристер көптеген нысанды тамашалайды. Олар – Қазақстанның алғашқы жасыл ауылы – Арнасай, «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері, Арнасайдағы қонақтарға арналған экологиялық үйлер, «Сарыжайлау» жасыл эко-этноауылы, қоқыс өңдей отырып, газ, жылу, электр энергиясын және тыңайтқыш алатын Қазақстандағы алғашқы ауылдағы зауыт. Зауыт Аршалы ауданындағы Жiбек жолы ауылында ашылады», - дедi С.Рақымбекова.
Маманның айтуынша, онлайн-Экспо-2017 конкурсы мен экологиялық тату бизнес конкурсының нәтижелері бойынша Коалиция әріптестерімен бірлесіп отандық үздік «жасыл» технологиялар мен инновацияларды іріктеп алады. Сондай-ақ, Коалиция бизнес өкiлдерiн өнертабыстарын «Арнасай» ЖТО-ға орнатуға, оның ішінде ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесіне келушілерге таныстыруға шақырады.
«Коалиция әріптестерімен бірлесіп «Сарыжайлау» эко-этноауылын құру жобасын әзірледі. Онда ашық аспан астында қазақстандық инноваторлар мен өнертапқыштардың, «Online EXPO-2017» конкурсы лауреаттарының экспонаттарын орналастыру жоспарланып отыр. Тағы бір жарқын жоба – Арнасайдағы «EXPO Camp» жастардың «жасыл» лагері. Лагер құрудың мақсаты –балалар мен жастар арасында халықаралық, экологиялық, этнографиялық, практикалық және зияткерлік демалыс пен тәжірибе алмасуды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, «жасыл» технологияларды пайдалану. Жобаның ұйымдастырушылары – Коалиция, «Ақбота» ҚҚ және Қазақстан скауттары», - дедi С.Рақымбекова.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




