"Оскар" сыйлығының "үздік ерлер рөлі" аталымына актерлер Кейси Аффлек, Райан Гослинг, Эндрю Гарфилд, Дензел Вашингтон, Вигго Мортенсен үміткер.
Номинанттардың бірі Кейси Аффлек "Манчестер у моря" фильмі үшін "Алтын глобус" сыйлығын алған еді. Киносыншылардың тағы бір фавориті Райан Гослинг "Ла-ла ленд" мюзикліндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығына ұсынылып отыр.
Үміткерлердің тізіміне Эндрю Гарфилд ("По соображениям совести"), Вигго Мортенсен ("Капитан Фантастик") және афроамериканец Дензел Вашингтон ("Ограды") кіріп отыр.
Сонымен қатар, материал жазылып жатқан тұста сыйлықтың басқа аталымдары бойынша үміткерлер анықталды. "Үздік фильм" аталымында "Ла-Ла Ленд", "Лунный свет", "Молчание", "Прибытие" және "Лев" сыйлыққа таласады.
"Үздік әйелдер рөлі" аталымында - Эмма Стоун, Натали Портман, Мэрил Стрип, Рут Негга және Изабель Юппер.
"Үздік режиссер" аталымында - Дэмьен Шазелл ("Ла-Ла Ленд"), Мэл Гибсон ("По соображениям совести", Барри Дженкинс ("Лунный свет"), Кеннет Лонерган ("Манчестер у моря") және Дени Вильнев ("Прибытие").
Кезекті 89-шы салтанатты марапаттау шарасы 26 ақпанда Лос-Анджелестегі Dolby Theatre театрында өтеді. Кешті ABC арнасындағы кешкі шоудың жүргізушісі Джимми Киммел болады.
ақпарат көзі: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




